Жеке сот  орындаушысымен кезекті дау бейбіт жолмен шешілді

Жеке сот орындаушысымен кезекті дау бейбіт жолмен шешілді

Өндіріп алушы «А.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілік сотқа жеке сот орындаушысының сот актісінің негізінде берілген атқару парағын орындаусыз қайтару туралы қаулы заңсыз деп танып, күшін жою туралы  әкімшілік талап қою арызымен жүгінген.

Арызында жауапкердің Заң талаптарын толық орындамай атқару парағын негізсіз қайтарғандығын көрсеткен.

Татуластыру рәсімі барысында судья татуласу туралы келісім жасасу арқылы дауды аяқтау мүмкіндігін, оны жасасудың салдары мен артықшылықтарын түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар келісімге келді, оның шарттары бойынша жеке сот орындаушысы өндіріп алушы атқару парағын қайталап  орындауға ұсынған мерзімнен бастап  атқару парағын қайтару туралы қаулының күшін жойып,  атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға және   5 күн мерзім ішінде борышқер мекеменің басшысына Қазақстан Республикасы «Атқарушылық  іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының 45 бабына сәйкес құқық қорғау органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы қаулыны шығаруға міндеттенеді.

Сонымен, соттың белсенді рөлі қағидатын жүзеге асыру барысында әкімшілік істің  мәні бойынша  алдын-ала құқықтық пікірімді  білдіріп, соның нәтижесінде қысқа мерзім ішінде - 2022 жылдың 19  қаңтарында тараптар арасындағы  келісім  сот ұйғарымымен бекітіліп, әкімшілік талап арыз қайтарылды.

Нәтижесінде өндіріп алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ. 

Жанжалдарды бейбіт жолмен шешу кез-келген дауларды аяқтаудың ең тиімді әдісі екені анық.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік сотының судьясы     

Қабидолдина Сәуле

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив