«Ақтөбе – адалдық алаңы»

«Ақтөбе – адалдық алаңы»

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың және Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапабаевтың қатысуымен 2018 жылдың 21 желтоқсанында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» Жобасының міндеті өңіріміздегі азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.

Жоба мемлекеттік биліктің барлық саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.

Осының негізінде, аз уақытта Жобалық кеңсенің жүргізген біршама жұмыстарын да атап өтуге болады.

Бүгінгі күні, “Ақтөбе - адалдық алаңы” атымен Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілерінде парақшалар ашып және жобалық кеңсенің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары жасалып, сарапшылық кеңестің құрамы жасақталды.

Жоспарға сай, Жобалық кеңсе қызметкерлері қоғам белсенділерінің қатысуымен 2018 жылдың 28-30 желтоқсан күндері мемлекеттік қызметтік автокөліктерді жұмыс уақытынан тыс пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 9 құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Мәселен, 2018 жылдың 28 желтоқсан күні 22 сағат 38 минутта «ҚР Ауылшаруашылығы министрілігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облысы бойынша инспекциясы» ММ-не тиесілі мем.номер D 280 CD «Ssang yong»  қызметтік автокөлігі Әбілхайыр хан даңғылы бойында жүріп бара жатқан жерінен көзге түсті.

Сондай-ақ, аталған күні 23 сағат 30 минутта «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының Ақтөбе аумақтық филиалы» РМК – ға тиесілі мем.номер kz 044 AО/04 «Skoda octavia»  қызметтік автокөлігі К.Нокин көшесінде орналасқан «Думаш» мейрамханасының аумағында назарға ілікті.

         Сонымен қатар, 28 желтоқсан 2018 жылы 22 сағат 00 минутта «ҚР Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттар орталығына тиесілі мем.номер kz 468 AE/04 «Chevrolet Aveo» қызметтік көлігі «Дина» сауда орталығының аумағында көзге түсті.

         Бұдан бөлек, 28 желтоқсан 2018 жылы 23 сағат 07 минутта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ақтөбе филиалына тиесілі мем.номері kz 157 AN/04 ақ түсті «Тойота» қызметтік автокөлігі Батыс 2 ықшам ауданындағы «Шаңырақ» мейрамханасының аумағында көзге түсті.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүгізілетін болады.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының ұсынысына сәйкес Жобалық кеңсе қызметкерлері ағымдағы жылдың 4-5 қаңтар күндері мектеп оқушылары арасында өткен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңдерінде тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысып, оқушылар мен ұстаздарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, облыстық олимпиаданың әділ өтуін бақылады.

Сондай-ақ, 14 қаңтар күні Жобалық кеңсенің ашылғаннан бергі атқарған жұмыстары және алдағы уақытқа бағытталған жұмыс жоспары талқыланды.

Жиын барысында – алдымен әлеуметтік салалар бойынша мемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша сыртқы анализ жүргізу бекітілді.

Жоғарыда аталған салалар мен бағыттар бойынша жұмыстарды жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік орган басшысының орынбасарлары, сарапшылық кеңес мүшелері, Жобалық кеңсе қызметкерлері және қоғам белсенділерінен әр сала негізінде құрылған жобалық топтар жүзеге асыратын болады.

 

“Ақтөбе - адалдық аланы” жобалық кеңсесінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

9 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив