Паллиативтік көмек саласындағы дағдарысты медициналық қызметтерді үйде көрсету арқылы шешуге болады

Паллиативтік көмек саласындағы дағдарысты медициналық қызметтерді үйде көрсету арқылы шешуге болады

 Sputnik Қазақстан мультимедиялық орталығында «Үйде көрсетілетін паллиативтік көмекті дамытудың экономикалық тиімділігін бағалау» деп аталатын зерттеу нәтижесі таныстырылды. «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жүзеге асырылған жоба авторы – денсаулық саласындағы тәуелсіз сарапшы Марат Мамаев. 

Паллиативтік көмек – айықпас дертке шалдыққан науқастардың ауруын жеңілдету мақсатында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтер жиынтығы. 2018 жылдың мамыр айынан бастап жүргізілген зерттеу авторы Марат Мамаевтың мәліметінше, Қазақстанда шамамен 27 мыңға жуық адам паллиативтік көмекке зәру. Олардың денін әбден асқынып, ақырғы кезеңге өткен  онкологиялық аурулар құрайды. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының аздығына байланысты бұл көмекті сырқаттардың жартысы ғана пайдалана алады.

«Біз зерттеу барысында паллиативтік көмекке деген сұранысқа баға бердік. Оның ресми мәліметтерден айырмашылығы болуы да әбден мүмкін. Себебі, есептеу әдістемелерінде өзгешеліктер бар және паллиативтік көмек түрлерінің бірсыпырасы бізде көрсетілетін медициналық қызметтер тізіміне енбеген. Әдетте, олар ресми статистикада басқаша атаулармен, стационарды алмастыратын көмек түрлері ретінде беріледі», - деп атап өтті сарапшы. 

Сонымен, қазақстанда паллиативтік көмекті дамытуға не кедергі болып отыр? Жобаны таныстыру барысында сарапшылар оның негізгі деген үш себебін атап өтті. Айтуларынша, бізде рынок дамымаған және науқасқа паллиативтік көмекті үйде көрсететін қызмет мүлдем жоқ деуге болады. Екіншіден, ауыр дертке шалдыққан науқастарды күтумен айналысатын туыстарына әлеуметтік жәрдемақы төлеу мәселесі шешілмеген. Үшіншіден, паллиативтік көмек көрсететін арнайы мекемелерде яғни, хоспистер мен стационарларда орын жетіспейді. 

«Өкінішке орай, паллиативтік көмекті үнемі үй жағдайында көрсету мүмкін бола бермейді. Мысалы, пациенттің үйі тар болуы мүмкін. Кейде ажал аузында жатқан науқасқа күрделі медициналық көмек түрлерін көрсету қажет болып жатады. Жалпы, еліміз бойынша паллиативтік көмек көрсетуге 41-ақ орын бөлінеді. Ал, Қазақстанда 1352 пациент   паллиативтік көмекті қажет етеді. Стандарт бойынша, көмектің бұл түрін көрсету үшін әр 400 мың адамға 30 орын бөлінуі тиіс», - деп түсіндірді «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Күлкаева. 

Паллиативтік көмек саласындағы қаржы тапшылығын жою үшін медициналық қызметтерге қосымша 3,4 млрд теңге бөлу керек. Оған қоса, стационарлар мен хоспистердегі орын тапшылығын біртіндеп қысқартуға тағы 1 млрд теңгеге жуық қаражат қажет. Сарапшылар пікірінше, ауыр дертке шалдыққан пациенттерді бағатын туыстарына әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 9-11 млрд теңге қажет болуы мүмкін. 

«Қазақстанда паллиативтік көмек саласы үлкен дағдарысты бастан кешіп жатыр. Оның үстіне, халық санының көбеюіне байланысты аталған қызметке деген сұраныс алдағы уақытта артпаса, кемімейді. Сондықтан бұл тақырыпты күнтәртібіне шығарып, жұртшылық назарын аударудың маңызы зор. Мемлекет денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесін түбегейлі өзгертуге бет бұрғаны абзал», - деп атап өтті тәуелсіз сарапшы, зерттеудің рецензенті Әли Нұрғожаев.

 

 Дауренбекова Ә.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Kristiana 15 января 2024 10:22

    Link exchange is nothing else but it is simply placing the other person's
    webpage link on your page at proper place and other person will also do same
    for you.

    My website; Leandre

  2. аватар
    Lon 15 января 2024 10:22

    Great goods from you, man. I have understand your stuff
    previous to and you are just extremely excellent.
    I really like what you have acquired here, certainly like what you're saying and the way in which you say it.
    You make it entertaining and you still take
    care of to keep it sensible. I cant wait to read much more from you.
    This is actually a wonderful site.

    Look at my website - Delonta

  3. аватар
    Travoris 15 января 2024 10:34

    Hey there, You've done a fantastic job. I will certainly digg it
    and personally suggest to my friends. I am sure they will be benefited from this website.


    Here is my webpage :: Genelle

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив