Сот атқарушылық іс жүргізуге қатысушының құқықтарын қорғады

Сот атқарушылық іс жүргізуге қатысушының құқықтарын қорғады

         Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық құжатты орындаусыз қайтару туралы қаулының күшін жою туралы өндіріп алушының жеке сот орындаушысына талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарады.

         Сотта жеке сот орындаушысы атқарушылық жазба негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғағыны анықталды.

         Атқарушылық іс жүргізу материалдарына тек қана борышкердің тіркеу орнының жоқтығы, міндетті зейнетақы аударымдарының, жылжымалы/жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы электронды форматтағы сұрау-жауаптар ғана қоса берілген.

         Банк шоттарының нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратта талап ету туралы сұрау-сауалдарға бірде-бір жауап қоса берілмеген, дегенмен бұл  жауаптар автоматты түрде электронды келіп түскен.

         Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғай отырып, атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды жүргізілген атқарушылық әрекеттер туралы хабардар етпеген.

         Сот сұрауына жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді тізімсіз ұсынған, бұл ол міндеттеріне немқұрайлы қарауын көрсетеді.

         2021 жылдың мамыр айынан бастап тамыз айлары аралығында жеке сот орындаушысы атқарушылық жүргізуді орындау бойынша пәрменді шаралар жүргізбеген.

         Іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот қаулының күшін жойып, талапкердің талаптарын қанағаттандырып, сот орындаушысының функционалдық міндеттеріне қарамағыны үшін жеке ұйғарымын шығару арқылы жауап берді.

         Сот актілері заңды күшіне енген жоқ. 

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив