Сот медиациясы

Сот медиациясы

Қазақстанда құқықтық жүйені жетілдіру бағытында амазаттардың дау-дамайларын бейбіт жолмен шешуге ерекше назар аударылып, келеді. Соның ішінде сот медиациясы –қоғамдағы әлеуметтік шиеліленістерді азайтуға, тараптар арасындағы өзара сыйластықты сақтауға және сот жүйесінің жүктемесін жеңілдетуге бағытталған маңызды институт.

Сот медиациясы дегеніміз не?

Сот медиациясы –бұл азаматтық, әкімшілік және кейбір қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі немесе сот процесі кезінде тараптар арасында  татуласу мақсатында жүргізілетін рәсім. Оны бейтарап медиатор жүргізеді. Сот  медиациясы, әдетте, тараптардың ерікті келісімімен жүзеге асады және оның нәтижесінде бітімгершілік келісім жасалып, іс қысқартылады.

Медиатор кім?

Медиатор –арнаулы дайындықтан өткен, кәсіби немесе кәсіби емес негізде жұмыс істейтін, сотта немесе соттан тыс дауларлы реттеуге көмектесетін тұлға.

Сот медиациясында көбіне сот медиаторы рөл атқарады. Ол тараптарға кеңес бермейді, шешім шығармайды, тек екі жақтың да пікірін тыңдап, өзара тиімді келісімге келуге көмектеседі.

Сот медиациясының артықшылықтары :

Уақыт үнемдеу. Көптеген сот процестері бірнеше айға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Ал медиация қысқа уақыт ішінде нәтиже береді.

Қаржылық шығын азаяды. Сот процесіне қарағанда медиация аз шығынды қажет етеді.

Құпиялық сақталады. Медиация рәсімі жабық түрде өтеді, яғни тараптар арасындағы ақпарат жария етілмейді.

Екі жаққа да тиімді шешім. Сот шешімі тараптардың бірі үшін ұтымды, екінші үшін тиімсіз болуы мүмкін. Ал медиацияда-екі жақтың да мүддесі ескеріледі.

Қарым-қатынасты сақтау.  Туыстар, көршілер, әріптестер арасындағы дау медиация арқылы шешілсе, арадағы қатым-қатынас бұзылмай қалады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Мемлекеттік медиация орталықтары сот медиациясын кеңінен насихаттап, оның қолдану аясын жыл сайын кеңейтіп келеді.

Сот Медиациясы –бұл дауласудың емес, келісудің жолы. Ол қоғамда бейбітшілік пен татулықты нығайтады, азаматтардың  құқықтық мәдениетін арттырады. Әрбір тарап дауды өзара түсіністік арқылы шешуге тырысса, тек өзіне ғана емес, қоғамға да үлес қосады. Сондықтан құқық қорғау органдары мен азаматтардың бұл тетікке сенімі артып, қолданыс аясы жылдан жылға кеңейіп келеді.

БҚО, Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы Қаженов Руслан Сайфетдинұлы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

98 пікір

  1. аватар
    Jeramy 4 ноября 2026 06:47

    Overall, Wild Tokyo is a strong all-round choice for players comparing casinos that accept Neosurf and wanting more than a basic prepaid payment facility.
    Its promotional schedule also extends beyond the initial welcome offer, giving returning users additional opportunities to
    explore available rewards. For players searching for the best Neosurf casinos Australia can offer, it is a strong starting point because the experience is not built around just one
    feature. Using Neosurf at online casinos that accept Neosurf generally involves a
    few simple steps. Choosing the best Neosurf
    casinos for Australian players requires looking beyond simple
    voucher acceptance.

    References: https://greeneralia.net/discussion/topic/legit-neosurf-casinos-australia-5-must
    -knows/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.