«Істерді татуласу рәсімдерімен аяқтау»
Құқықтық жүйеде дауларды шешудің негізгі тәсілдерінің бірі – сот арқылы қарау. Дегенмен, қоғамда тараптардың өзара келісімге келуі арқылы дауларды бейбіт жолмен реттеу институты кеңінен қолданылады. Бұл құбылыс татуласу рәсімдері деп аталады. Татуласу рәсімдері дауды шешудің баламалы жолдарын ұсына отырып, тараптардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға бағытталған. Заңнамада бірнеше татуласу рәсімдері көзделген, олар, татуласу келісімі, яғни, тараптардың өзара жасасқан келісімі. Сот оны бекіткен жағдайда заңды күшке енеді, медиация арнайы дайындықтан өткен медиатордың көмегімен жүргізіледі. Тараптар үшін бейтарап делдал ортақ шешімге келуге жәрдемдеседі, партисипативтік рәсім деген әр тараптың адвокаттарының қатысуымен жүзеге асады. Негізгі мақсаты – соттан тыс келіссөз арқылы дауды шешу. Сонымен қатар, татуласу рәсімдерінің артықшылықтары бар, олар, татуласу рәсімдері қоғам мен тараптарға бірқатар оң әсерін тигізеді, яғни, уақыт пен қаржы үнемделеді, қарым-қатынастар сақталады, ерікті түрде орындауға жатады, әлеуметтік тұрақтылық. Аталған тақырып, сот татуласу рәсімдерінің заңдылығын бақылап, тараптар жасаған келісімді бекітеді. Егер келісім заң талаптарына қайшы болмаса, сот іс жүргізуді тоқтатады және сол талап бойынша қайтадан сотқа жүгінуге жол берілмейді. Қорытындылай келе, істерді татуласу рәсімдерімен аяқтау – қазіргі құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі. Ол тараптар арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешуге, сот жүйесінің жүктемесін азайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған тиімді тетік болып табылады.
Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Ж.Иммагамбетова
[xfvalue_img]
