Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар және сот актілерін орындамаумен байланысты әкімшілік істерді қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар және сот актілерін орындамаумен байланысты әкімшілік істерді қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

 

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық саласындағы және сот актілерін орындамауға байланысты әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Махметов Қ.Б., Ахметов Ә.М., Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұрмағамбетова Б.Т., Орал қаласы прокуратурасының бөлім басшысы Нұрманов А.А., БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Шайхиев С.Б., БҚО ПД ӘПБ бастығының орынбасары Нагимов М.Н., БҚО ПД ӘПБ ПО бастығы Калибеков М.К., БҚО ПД жанындағы ӘПБ бастығы Ибрайымов О.А., Орал қ. ПБ ӘПБ бастығы Мендіханов Н.И., Орал қ. ПБ ППБ штаб бастығы Недопекин К.А., БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Қарекесов Е.А.,Орал қ. Сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшылары  Джумагалиева С.Б., Есенгазиева А.М.,  Орал қ. МӘС-ң судьялары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезінде хаттамаларды дұрыс толтыру, істерді тиісті түрде ресімдеу, дәлелдемелерді сапалы жинау, жеке сот орындаушылардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық бөлімге материалдарды жіберу, сондай-ақ заңды қаулы шығару тәртібін сақтау мәселелерін қозғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қағидаларын сақтамау іс бойынша іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай іс жүргізу барысында қабылданған шешімдердің күшін жоюға немесе жиналған дәлелдемелердің күші жоқ деп тануға әкелетінін назарға алу қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің 42-тарауының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі, ӘҚБтК-нің 809-бабының талабына сай, осы кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адамға істі сотқа жібермей, оны әуре-сарсаңға салмай iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығаруға мүмкіндік беретіндігі ескертілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша барлық іс жүргізу талаптарын сақтау, әрбір істің мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау, дәлелдемелерді сапалы жинау, оның ішінде егер адам бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған болса, жүргізуші куәлігін алғандығы туралы анықтаманы іс материалдарына міндетті түрде қосу, іс бойынша әуре-сарсаңға салуды жою, істі сотқа жіберу мерзімін бақылауға алу туралы іс-қимылдар алгоритмі әзірленді.

Руслан Демеуов

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

109 пікір

  1. аватар
    Sheldon 11 ноября 2026 09:09

    Boho Casino is one of the best Neosurf casinos in Australia for players who
    want generous promotions, prepaid deposits, and a large collection of real-money games.
    As one of the leading casinos that accept Neosurf, it
    provides a smooth deposit experience and a rewarding welcome package for
    Australian players. Lucky7 is one of the best Neosurf casinos in Australia for players who want an easy prepaid deposit option, generous promotions, and a diverse collection of play real money
    casino neosurf australia
    -money games. Wild Tokyo is
    one of the best Neosurf casinos in Australia for players looking for prepaid deposits, strong rewards, and a wide selection of real-money games.
    The best Neosurf casinos Australia offer Australian players a secure way to make real-money deposits using prepaid
    vouchers without sharing direct banking details.

  2. аватар
    Sterling 12 ноября 2026 11:34

    Register for Internet or phone banking at your financial institution. BPAY gives you the option of paying your bills at any time, day or night, on any day
    of the year, saving you time and reducing the hassle of paying bills.
    For specific issues, contact The Pokies 114 support — providing transaction references and screenshots will speed resolution.

    References: https://aichatspot.online/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.