«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдары» тақырыбында дөңгелек үстел
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы М.А.Құрмашев, әкімшілік сотының судьялары Е.Е.Халықов, А.М.Қадырова, Б.Т.Нұрмағамбетова, Орал қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Н.И.Мендыханов, Орал қаласы полиция басқармасының ЖПҚБ бастығының орынбасары Ж.Р.Дуйсимов қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Мағауия Құрмашев дөңгелек үстел тақырыбында баяндама жасады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдарды талқылауды ұсынды.
Қабылданған шешімнің уәждемесін ұғынықты, сауатты көрсету және сот актісінің құрылымына қойылатын талаптарды сақтау маңызды екендігіне қатысушылардың назарын аударды. Бұл ретте, қаулы шығару кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерімен жиналуы жүзеге асырылатын іс материалдарынан туындайтын мәселелер мен қиындықтарға ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында сот актісі мен сотқа дейінгі тексеру материалдарының сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.
Руслан Демеуов
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]