Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

Қағаз немесе қағазға жазу көне дүниеден бергі адамзат жетістігі болып саналады және ол өз өзектілігін жойған жоқ. Төрт дүниенің түгел мемлекеттері қағазға жазу арқылы құрылды, дамып, гүлденді. Бүгінгі цифрлық форматқа көшкен қоғамда да қағаз құжаттар аса тиімді басқару, оқып, білім алу, ақпарат алмасудың негізгі тетігі болып келеді.

Бүгінгі әңгіме біздің қоғамымыздағы құжат айналымының сот саласына қатысты мемлекеттік тіл мен ресми тілдік арақатынасы туралы болмақ. Мемлекеттік тілдің ұлттың ана тілі екендігіне қарамастан, сот саласында ресми орыс тілін пайдалану деңгейінің тым жоғарылығы алаңдатады. Әрине, сот ісін жүргізу барысында арызданушының тілге қатысты қалауы ескеріледі, дегенмен осы тұста ресми тілге жол берушілік аса жоғары.

Сот ісінде деректер мен дәйектер, нақты дәлелдер мен айыптаулар, сондай-ақ үкімдер, бұйрықтар т.с құжаттар қағази құжаттармен жүргізіледі. Қыруар іс-әрекеттердің басым көпшілігі ресми орыс тілінде толтырылуы ана тіліміздің еркіндігіне, қолдану сапасына зор кедергісін тигізетін секілді. Сот мамандарының да немесе сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде де көптеген қызметкерлер мен мамандардың ресми тілге бейімдігі, мемлекеттік тілде біле тұра ресми тілге басымдық беруі қоғам шындығы.

Бұлай деуімізге Шыңғырлау аудандық сотында өткен 2023 жылдың бірінші тоқсанының қортындысы бойынша түскен іс-қағаздардың  саны - 62 болса, биыл осындай уақыттағы көрсеткіш - 58 - ді құрап отыр. Ал, былтырғы мен биылғы осы аралықтағы ресми орыс тіліндегі іс-қағаздары мен ақпарат алмасу бұл көрсеткіштерден анағұрлым жоғары. Яғни, бұл жағдай біздің қоғамымызда ана тіліміз өзінің мемлекеттік әлеуетін құжат жүзінде де арттыра алмай отыр деген сөз.

Барша ресми құжаттар, деректер беру мен алу, құжат айналымы, сот ісін жүргізу, шешімдер шығару қазақ тілінде жүргізілмей мемлекеттік тіл мәртебесі мешеу қала бермек. Мұны барлық салалар, мемлекеттік мекемелер мен сонда қызмет жасайтын басшыдан бастап барша қызметкер түйсініп, ана тілінің қолданысын қолдауы керек.

Аудандық сот орны бұл жағдайға жіті қарап отыр. Сондықтан, негізгі құжаттарды мемлекеттік тіл негізінде жүргізу – бүгінгі күннің талабы етіп келеміз.

Ана тілімізді арытпайық, ел болып дамытайық!

 

Шыңғырлау аудандық соты

әкімшісінің басшысы Ж.Каримов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

61 пікір

  1. аватар
    Edison 21 ноября 2026 19:40

    Do not attempt to bypass a self-imposed gambling block using alternative payment methods,
    as these controls are designed to support safe gaming habits.
    Additionally, daily limits set by your bank may
    restrict larger single deposits. Always review cashier terms for both deposits
    and withdrawals, as policies can vary on the same platform.
    PayID carries no fees at the bank level, meaning your financial institution will not charge you for sending funds.
    You can register a mobile number or email address inside your banking app, ensuring
    your bank details match your casino account profile.

    While the payid casino fast
    withdrawal
    network process takes seconds, the casino must manually review and approve the
    withdrawal request first.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.