Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Қағаз немесе қағазға жазу көне дүниеден бергі адамзат жетістігі болып саналады және ол өз өзектілігін жойған жоқ. Төрт дүниенің түгел мемлекеттері қағазға жазу арқылы құрылды, дамып, гүлденді. Бүгінгі цифрлық форматқа көшкен қоғамда да қағаз құжаттар аса тиімді басқару, оқып, білім алу, ақпарат алмасудың негізгі тетігі болып келеді.
Бүгінгі әңгіме біздің қоғамымыздағы құжат айналымының сот саласына қатысты мемлекеттік тіл мен ресми тілдік арақатынасы туралы болмақ. Мемлекеттік тілдің ұлттың ана тілі екендігіне қарамастан, сот саласында ресми орыс тілін пайдалану деңгейінің тым жоғарылығы алаңдатады. Әрине, сот ісін жүргізу барысында арызданушының тілге қатысты қалауы ескеріледі, дегенмен осы тұста ресми тілге жол берушілік аса жоғары.
Сот ісінде деректер мен дәйектер, нақты дәлелдер мен айыптаулар, сондай-ақ үкімдер, бұйрықтар т.с құжаттар қағази құжаттармен жүргізіледі. Қыруар іс-әрекеттердің басым көпшілігі ресми орыс тілінде толтырылуы ана тіліміздің еркіндігіне, қолдану сапасына зор кедергісін тигізетін секілді. Сот мамандарының да немесе сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде де көптеген қызметкерлер мен мамандардың ресми тілге бейімдігі, мемлекеттік тілде біле тұра ресми тілге басымдық беруі қоғам шындығы.
Бұлай деуімізге Шыңғырлау аудандық сотында өткен 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында түскен іс-қағаздардың саны-62 болса, биыл осындай уақыттағы көрсеткіш- 58-ді құрап отыр. Ал, былтырғы мен биылғы осы аралықтағы ресми орыс тіліндегі іс-қағаздары мен ақпарат алмасу бұл көрсеткіштерден анағұрлым жоғары. Яғни, бұл жағдай біздің қоғамымызда ана тіліміз өзінің мемлекеттік әлеуетін құжат жүзінде де арттыра алмай отыр деген сөз.
Барша ресми құжаттар, деректер беру мен алу, құжат айналымы, сот ісін жүргізу, шешімдер шығару қазақ тілінде жүргізілмей мемлекеттік тіл мәртебесі мешеу қала бермек. Мұны барлық салалар, мемлекеттік мекемелер мен сонда қызмет жасайтын басшыдан бастап барша қызметкер түйсініп, ана тілінің қолданысын қолдауы керек.
Аудандық сот орны бұл жағдайға жіті қарап отыр. Сондықтан, негізгі құжаттарды мемлекеттік тіл негізінде жүргізу – бүгінгі күннің талабы етіп келеміз.
Ана тілімізді арытпайық, ел болып дамытайық!
Шыңғырлау аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Г.Вагапова
[xfvalue_img]