Батыс Қазақстан облысының сот қауымдастығы отставкадағы судьяны мерейтойымен құттықтады

Батыс Қазақстан облысының сот қауымдастығы отставкадағы судьяны мерейтойымен құттықтады

 

Бүгін Батыс Қазақстан облысының сот қауымдастығы отставкадағы судья Марат Назарханұлы Жүнісовты салтанатты түрде мерейтойымен құттықтады.

Бүгінде  мерейлі жетпіс жасқа толып отырған Марат Назарханұлын  Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рустем Мырзакәрімұлының атынан алғыс хат табыс етілді.

Сот жүйесінде жұмыс істеген жылдары Марат Жүнісов өзін сауатты, жоғары кәсіби судья ретінде ғана емес, сондай-ақ әдепті, қайырымды, мейірімді әріптес және дос ретінде көрсетті. Барлық қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы және идеялық шабыттандырушы, ол әрқашан адамдарды тамаша әзіл сезімімен өзіне баурап алатын.

М.Жүнісов 1981 жылы Бүкілодақтық сырттай заң институтын (Орынбор қ.) бітірген. Мамандығы бойынша 1974 жылы Орал қалалық сотының сот орындаушысы болып жұмыс істеді, содан кейін мемлекеттік нотариат кеңсесінің нотариусы, Орал облыстық адвокаттар алқасының адвокаты болып жұмыс істеді. 1981 жылдан – Орал қалалық сотының халық судьясы, 1987 -1993 жылдар БҚО Әділет басқармасының сот жұмысы бойынша кеңесшісі болып жұмыс атқарды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 8 сәуірдегі Қаулысымен Батыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі болып сайланды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 қазандағы №3158 Жарлығымен Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болып тағайындалды.

Батыс қазақстан облысы судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасының 2002 жылғы 20 тамыздағы шешімімен М. Н.Жүнісовке бірінші біліктілік сыныбы берілді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Орталық кеңесінің 26.11.2010 жылғы №51 қаулысымен Судьялар Одағының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 06.12.2012 жылғы №354 өкімімен ұзақ жылдар бойы  атқарған жұмыс еңбегі мен сот-құқық жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін "Мінсіз қызметі үшін" III дәрежелісімен, ҚР Судьялар Одағының Құрмет Грамотасымен, "Үш би" және "Сот жүйесінің ардагері" төс белгілерімен марапатталған.

Облыстық соттың азаматтыз істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов мерейтой иесін құттықтап, оған денсаулық, отбасына амандық тіледі. Құттықтау тілекке әріптестері де қосылып игі тілектерін білдірді.

Салтанатты іс-шарада сот жүйесінің ардагері Б.Нүғманов, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Н.Ділдәбеков,  ҚР Судьялар одағының облыстық филиалының төрағасы Н.Жұмағұлов, Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Н.Ғұбашев сөз сөйлеп, М. Жүнісовке өз тілектерін білдірді.

Өз кезегінде, сот жүйесінің ардагері М.Жүнісов сот ұжымына ризашылығын білдіріп, әріптестеріне бар жақсылықты тіледі. 

         Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

34 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.