Батыс Қазақстан облысының сот қауымдастығы отставкадағы судьяны мерейтойымен құттықтады
Бүгін Батыс Қазақстан облысының сот қауымдастығы отставкадағы судья Надир Шавалиұлы Абдукаевты салтанатты түрде мерейтойымен құттықтады.
Бүгінде мерейлі жетпіс жасқа толып отырған Надир Шавалиұлына Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметовтың атынан алғыс хат табыс етілді.
Сот жүйесіндегі еңбек жолын Н.Абдукаев 1982 жылы Орал облыстық сотының мүшесі болып бастаған. 1987 жылдан 1990 жылға дейін Ақжайық ауданының халық сотының судьясы. 1990 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін Орал қалалық соты төрағасының орынбасары. 1990 жылдың қарашасынан Орал облыстық сотының мүшесі, 1996 жылдан 2013 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болды. Меретой иесінің сот жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі 31 жылды құрайды, оның ішінде 26 жыл судья лауазымын атқарған.
Н.Абдукаев судья қызметінде жұмыс істеген уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 25.08.2005 жылғы №1633 Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды және Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының бесінші спартакиадасының аймақтық жарыстарын ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқаны үшін БҚО Соттар әкімшісінің 04.02.2008 жылғы №96 бұйрығымен алғыс жарияланып, сот жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген үшін және 60 жылдық мерейтойға байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының 22.02.2010 жылғы №42 өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Құрмет грамоталарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің 10.11.2011 жылғы №172 Жарлығымен Қазақстан Республикасының егемендігін нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
Облыстық сот төрағасы Б.Әметов мерейтой иесін құттықтап, оған денсаулық, отбасына амандық тіледі. Құттықтау тілекке әріптестері де қосылып игі тілектерін білдірді.
Өз кезегінде, сот жүйесінің ардагері Н.Абдукаев сот ұжымына ризашылығын білдіріп, әріптестеріне бар жақсылықты тіледі.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]