Мемлекеттік қызметшінің этикасы

Мемлекеттік қызметшінің этикасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады.

Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.

 Мемлекеттік қызметшілер - саясатты ұстануға және іс жүзіне асыруға, нығайтуға ұмтылуы тиіс.

 Қоғам-мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес,барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі: адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау, кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу. Ашықтық–жұртшылықпен жұмыс істеу, сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс құрметпен қарау, клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жолданымдарды қарау кезiнде, төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу.

Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады: қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, өтірік мәліметтерді таратпау, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік  фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу, лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу,міндеттемелерді алмау, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану, қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау.

Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін  нығайтуға, ресмилікпен, ұстамдылықпен, ұқыптылықпен ықпал етуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста: ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу,  әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға,қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған шаралар қабылдауға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларға үйлеспейтін әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге, әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс.

Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.

 Мемлекеттік қызметшілер пікірталастарды мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірместен жүргізуге тиіс.

 Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.

 «Мемлекеттік қызметші деген кім?»

«мемлекеттiк қызметшi–мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не ҚР Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы».

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет: заңдылық; қазақстандық патриотизм; мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық; азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы; кiруiнiң ерiктiлiгi; кәсiбилiгi; меритократия – жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес  ілгерілету; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мен төмен тұрған мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшілерi  мiндеттiлiгi; бақылауда болуы және есептiлiгi; лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; әдептілік; құқық бұзушылықтарға төзбеушілік; мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу; лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі маңызды, күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; оқыту, құзыреттерін дамыту үзіліссіз болуы; қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.

 Мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы рөлі қандай? Әр мемлекеттік қызметші қоғам үшін, адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, оларды жүзеге асыруына кепілдік бере алатын тұлға.Осының негізінде мемлекеттік қызметшінің қоғамда алатын рөлін көруге болады. Оның мәртебесі неде? Әрбір қызметші өзінің мемлекет пен қоғамға қызмет етуімен мақтануы тиіс, себебі ол адамзат үшін қызмет етеді.

Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап ие болады ал мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезден бастап одан айрылады. Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін, соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды.

Заңға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға; функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болуға; қызметтік тәртiпті сақтауға және т.с.с. міндеттерді атқаруға тиіс. Қорытындай келе, мемлекеттік қызметші өзіне мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын адал жүзеге асыруға ант берген, тұлға болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі

Әскери соты департаментінің

құжат айналымы бөлімінің басшысы

Е.А.Симиютина

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

41 пікір

  1. аватар
    Rufus 15 ноября 2023 00:19

    I’m not that much of a online reader to be honest but your sites really
    nice, keep it up! I'll go ahead and bookmark your site to come back later on. All the best

    Here is my web site: Casino En Ligne Francais (Infodin.Com.Br)

  2. аватар
    Cecile 15 ноября 2023 00:25

    Sweet blog! I found it while surfing around on Yahoo News.
    Do you have any suggestions on how to get listed in Yahoo
    News? I've been trying for a while but I never seem to
    get there! Thank you

    Take a look at my blog post :: casino en ligne francais (urbino.fh-Joanneum.at)

  3. аватар
    Larry 15 ноября 2023 01:41

    Terrific article! This is the kind of information that are supposed to
    be shared around the net. Disgrace on Google for now not positioning this post
    higher! Come on over and talk over with my site .

    Thank you =)

    Feel free to surf to my blog; casino en ligne francais (www.almanacar.com)

  4. аватар
    Marcelino 15 ноября 2023 06:47

    I know this if off topic but I'm looking into starting my own weblog and was wondering what all is required to get set up?
    I'm assuming having a blog like yours would cost a pretty penny?

    I'm not very internet savvy so I'm not 100% certain. Any suggestions or
    advice would be greatly appreciated. Many thanks

    Visit my web blog - casino en ligne fiable (www.themesindep.com)

  5. аватар
    Charline 22 ноября 2023 00:18

    Pick affiliate products directly related to the topic of your
    site. click here now Live TV” package, allowing subscribers to watch live and on-demand TV from
    over 60 top channels, including sports, news, entertainment, and the streaming library.
    more tips here Try to help them with their issues,
    write tips and tricks, and you can indirectly promote your
    own affiliate program as well. Https://Ladder2Leader.Com/

  6. аватар
    Catharine 22 ноября 2023 00:52

    Cresus : C’est le meilleur casino en ligne disponible en français, pour sa grande réputation et son bonus de
    bienvenue de 500 € sans conditions de mise. https://www.basee6.com/index.php?Page=user&action=pub_profile&id=149648 Les conditions de conversion, avec seulement 35
    fois le montant du bonus, sont l’une des offres les plus équitables des casinos en ligne.
    regardez ces gars-là Ce casino fait partie depuis de nombreuses années des acteurs incontournables de l’industrie du jeu en ligne.
    https://famousstoreis.com/2023/11/20/nouveau-casino-en-ligne-belge-top-12-des-m
    eilleurs-pour-2023/

  7. аватар
    Beth 5 мая 2024 14:40

    I'm impressed, I must say. Seldom do I come across a blog that's
    both equally educative and engaging, and let me tell you, you've hit the nail on the head.
    The problem is something too few folks are speaking intelligently about.
    I am very happy that I stumbled across this in my search for something regarding this.


    Here is my homepage; официальный сайт joycasino

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.