Мемлекеттік қызметшінің этикасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.
Мемлекеттік қызметшілер - саясатты ұстануға және іс жүзіне асыруға, нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Қоғам-мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес,барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі: адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау, кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу. Ашықтық–жұртшылықпен жұмыс істеу, сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс құрметпен қарау, клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жолданымдарды қарау кезiнде, төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу.
Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады: қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, өтірік мәліметтерді таратпау, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу, лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу,міндеттемелерді алмау, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану, қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау.
Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға, ресмилікпен, ұстамдылықпен, ұқыптылықпен ықпал етуге тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста: ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға,қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған шаралар қабылдауға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларға үйлеспейтін әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге, әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс.
Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер пікірталастарды мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірместен жүргізуге тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
«Мемлекеттік қызметші деген кім?»
«мемлекеттiк қызметшi–мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не ҚР Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы».
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет: заңдылық; қазақстандық патриотизм; мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық; азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы; кiруiнiң ерiктiлiгi; кәсiбилiгi; меритократия – жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес ілгерілету; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мен төмен тұрған мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшілерi мiндеттiлiгi; бақылауда болуы және есептiлiгi; лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; әдептілік; құқық бұзушылықтарға төзбеушілік; мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу; лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі маңызды, күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; оқыту, құзыреттерін дамыту үзіліссіз болуы; қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.
Мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы рөлі қандай? Әр мемлекеттік қызметші қоғам үшін, адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, оларды жүзеге асыруына кепілдік бере алатын тұлға.Осының негізінде мемлекеттік қызметшінің қоғамда алатын рөлін көруге болады. Оның мәртебесі неде? Әрбір қызметші өзінің мемлекет пен қоғамға қызмет етуімен мақтануы тиіс, себебі ол адамзат үшін қызмет етеді.
Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап ие болады ал мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезден бастап одан айрылады. Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін, соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды.
Заңға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға; функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болуға; қызметтік тәртiпті сақтауға және т.с.с. міндеттерді атқаруға тиіс. Қорытындай келе, мемлекеттік қызметші өзіне мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын адал жүзеге асыруға ант берген, тұлға болып табылады.
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
Әскери соты департаментінің
құжат айналымы бөлімінің басшысы
Е.А.Симиютина
[xfvalue_img]
41 пікір