Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидалары

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидалары

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына - заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді. Сот төрелігін тек соттың  жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады және құқықтық жауапкершілікке әкеліп соғады. Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбайтындылығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген. Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді жоне ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да қандай да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады. Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куә болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

Сот ісін жүргізу тілі. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дәрежеде жүргізілетіндігін білуге болады.

Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің және жасалатын барлық іс жүргізу әрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкестігін білдіреді.

Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді.

Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының көлемін өзі айқындайды. Мұндай мәліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды бөлімінің мәнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы жоқ.

         Бәсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді. Тараптың әрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дәлелдеуге және негіздеуге міндетті.

Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек және т.б.) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) және іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді. Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дәлелдемелер мен өзге де мән-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куәгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.

Сотта істі қараудың ауызшалығы. Сот отырысында мынадай істерді қарау және шешу ауызша нысанда жүзеге асырылады:

төрағалық етуші процеске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

іске қатысушы адамдардың өтініштері айтылады;

іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктемелері айтылады;

куәгерлер өз айғақтарын береді;

сарапшы жазбаша нысанда жасалған қорытындысын мазмұндайды (сарапшы жоқ болған жағдайда қорытындыны сот жариялайды);

маман кеңес береді;

сот отырысында жазбаша дәлелдемелер, хаттамалар және өзге де құжаттар жарияланады;

мемлекеттік органның жазбаша жасалған қорытындысы мазмұндалады;

сот жарыссөзі жүргізіледі;

прокурор іс бойынша тұтастай қорытынды жасайды;

істі қарау нәтижесінде сот шығарған шешім жария етіледі

Кейбір іс жүргізу әрекеттері тек жазбаша түрде жүзеге асырылады не жазбаша рәсімдеуді талап етеді. Мысалы, талап-арыз (өтініш), апелляциялық немесе кассациялық шағым (наразылық), қадағалау шағымы не қадағалау тәртібіндегі наразылық тек жазбаша түрде ғана беріледі, сот актілері жазбаша нысанда шығарылады.

Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы А.Каиров

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

41 пікір

  1. аватар
    vip79 5 сентября 2024 05:55

    Vip79 cổng game vận hành cung cấp dịch vụ cá cược, game bài hoàn toàn hợp pháp, được sự chứng nhận của cơ quan quốc tế, bao gồm các tổ chức FIRST CAGAYAN, Ceza, Mga và Isle Of Man bảo trợ hoạt động.
    Cổng game đổi thưởng 79 chính thức được đưa vào hoạt động tại Việt Nam từ 2023
    https://vip79.luxe/

  2. аватар
    vip79 6 сентября 2024 06:49

    "Vip79 cổng game vận hành cung cấp dịch vụ cá cược, game bài hoàn toàn hợp pháp, được sự chứng nhận của cơ quan quốc tế, bao gồm các tổ chức FIRST CAGAYAN, Ceza, Mga và Isle Of Man bảo trợ hoạt động.
    Cổng game đổi thưởng 79 chính thức được đưa vào hoạt động tại Việt Nam từ 2023."
    https://vip79.luxe/

  3. аватар
    Ima 7 сентября 2024 11:47

    әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, әскери тәрбие алиса станция цепроходные баллы на грант
    2023 медицина
    , алиса колонка цена бастау бизнес стипендия, бастау бизнес обучение как посчитать
    проценты по кредиту, универсальный кредитный калькулятор

  4. аватар
    Giuseppe 11 сентября 2024 15:56

    алғашқы әскери дайындық сабағындағы қауіпсіздік ережелері, алғашқы әскери
    дайындық сабақ жоспарлары домбырада ойнау арқылы күйші нені білдіре алады, домбыра туралы мақала аким города шу, акимат жамбылской области
    инстаграм алтыным axallek скачать, айбек жагыпар алтыным скачать

    My homepage - абай орыс
    тілін қалай үйренді

  5. аватар
    Rafaela 3 октября 2024 06:21

    рельс разобрать по слогам, типовые
    учебные программы для вузов как оплатить административный штраф через каспи, qamqor штраф двп в леруа мерлен
    алматы, крадиус алматы мега на розыбакиева
    время работы, мега розыбакиева кинотеатр расписание

    Also visit my web blog :: мәдениет
    тарихы ахмет байтұрсынұлы

  6. аватар
    Bernd 22 октября 2024 21:55

    өсімдіктерді зерттейтін ғылым, ботаника нені зерттейді суретші деген кім,
    танымал суретшілер туралы мәлімет ойын оқыту
    әдісі ретінде, ойын оқыту әдісі курстық жұмыс
    еуразия мен солтүстік американың ерекшеліктері,
    еуразия мен солтүстік американың ұқсастығы

    my site :: құқық қолдану актісі бұл

  7. аватар
    Bernie 26 октября 2024 11:52

    жеруйык фильм режиссер, жерұйық фильм смотреть толықтауыш
    ағылшынша, етістік ағылшынша ереже
    темнеет в глазах когда встаю гемоглобин, темнеет в глазах, когда встаю у подростка нұрболат абдуллин махаббатпен ойнама сен, нұрболат
    абдуллин махаббатпен ойнама сен текст

    Review my blog :: каудотомия дегеніміз

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.