Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу

          Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу Қақастан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы » Кодексінің 38-бабын басшылыққа ала отырып реттеледі.  Ерлі зайыпты адамдардың некеге дейін алған қандай да бір мүлкі бөлісуге жатпайды. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ак ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредитор талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.

        Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімі нотариалды куәландырылуы тиіс.

        Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі.

       Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін.

       4Кәмелетке толмаған балалардың гана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және басқаларын бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.

       Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептеледі және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды.

       Ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі, сондай-ак ерлі-зайыптылардың одан кейінгі кезеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды.

      Некесі (ерлі-зайыптылық) бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылардың талабына неке бұзылған сәттен бастап үш жылдық талап қою мерзімі қолданылады (Азаматтық кодекс 178-бап). 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

31 пікір

  1. аватар
    Hanna 1 ноября 2024 01:27

    When I originally commented I clicked the "Notify me when new comments are added" checkbox and now each time a comment is
    added I get four e-mails with the same comment. Is there any way you
    can remove me from that service? Thanks a lot!



    my webpage: Marie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.