Неке шартының мазмұны
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің 42-бабымен бекітілген. Неке шарты неке қиылғаннан кейін немесе некеге тұрмай тұрып та жасалады. Ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.
Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі ез құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сонымен қатар неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты, сондай-ақ бұл некеде (ерлі-зайыптылық) туған және асырап алынған балалардың мүліктік жағдайы, өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.
Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың ез құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды және неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды көздей алмайды.
Неке шарты ноиариус арқылы бекітіледі. Екі жақтың таңдаған тілінде жасалады.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас маманы М.Аккузова
[xfvalue_img]
19 пікір