Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикасына, ел беделіне, халықтың әлеуметтік жағдайына, жалпы мемлекеттің дамуына үлкен нұқсан келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік деңгейде және барлық халықты жұмылдырып жүргізілуі қажет.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру үшін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғам болып қол жеткізуге атсалыса отырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуіміз керек.
Бұл ретте жүзеге асыру тұрғысында сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез қылық нормасына айналуы тиіс деп санаймын.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасып, жемқорлыққа деген берік иммунитет нығайып, оған деген жұртшылықтың талпынысы болмайынша қалаған нәтижеге қол жеткізу мұмкін емес деп ойлаймын. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі тиіс.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау-қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі екенін ұмытпағанымыз жөн.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сот приставы Дәурен Сулеев
[xfvalue_img]
25 пікір