Сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы кез келген мемлекеттің, қоғамның аса бір көкейкесті мәселелерінің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік негіздерді іштей күйретіп, экономикаға нұқсан келтіреді. Әлемдік қоғамдастық көзінде мемлекеттің имиджіне кері әсер етеді.
Ең қиыны сыбайлас жемқорлық халықтың сотқа,билікке деген сенімін жояды, ерікті демократиялық қоғам құру жолындағы оның күллі шешімдерін жоққа шығарады. Бұл кеселмен күресу үшін Қазақстандағы барша халықтың ерік жігері, сондай-ақ еліміздегі әрбір азаматтың түбегейлі ой ұстанымы қажет.
Бүгінгі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңыны мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижелігін арттыру жолымен, қоғам өміріннің барлық саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейінің төмендеуіне бағытталған мемлекеттік программалар іске асырлып жатыр.
Мысалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың Басты мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру мақсатында аудан, қалаларға шығу, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. «Мобильді топ» өз қызметінде қолданылатын нысаналы индикаторлары ретінде - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту,қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін,халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін анықтау, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін орындарда жедел түрде азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруды белгіледі.
Елбасы жыл сайынғы халыққа Жолдауында бесінші басымдықты – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты саясатты анықтап, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігін атап өтті.
Қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъек- тілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
– құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
– қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Бұл ахуалды түзеу үшін судьялар мен сот қызметкерлері арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы жасау керек. Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі қалыптасып, қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Ішкі қауіпсіздік және соттардағы
сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу
бөлімінің басшысы
Н.Маликұлы
[xfvalue_img]
30 пікір