МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЭТИКАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЭТИКАСЫ

         Мемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени – ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік – философиялық пән болып табылады.

   Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.

    Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз – өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін – өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету – сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет – тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – Мемлекеттік қызметшінің өз беделі.

     Беделдің жиналуы – өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым – қатынастағы басшылық – қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік. Мемлекеттік қызметші болу, бұл – адамдармен тең қарым – қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Жеке қарым – қатынастар. Өзін – өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады».

     Тап – таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады Тиімді қарым – қатынас.Тиімді қарым – қатынас үшін әңгімелесуші өзіне бейімдеудің, өзін – өзі икемді ұстаудың, ұстамдалақ пен ашық адамға тән қасиеттерді меңгерудің маңызы зор. Егер келуші қысылыс білдіріп, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра аласыз. Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Біріншіден, әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын Сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз. Екіншіден, өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс.

    Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін. Белсенді тыңдау.Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу – адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер тез алады.

     Телефон – сіздің көмекшіңіз. Телефонмен әңгіме – мемлекеттік қызметші жұмысының ажырамас бөлігі. Телефонмен сөйлесе білу де – биік мәдениеттіліктің белгісі. Біреумен телефон арқылы сөйлескенде сіздің өзіңізді көрсететін жалғыз мүмкіндігіңіз – дауысыңыз. Сіздің дауысыңыз ашу, ренішіңізді , қуаныш, қайғыңызды білдіреді. 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандардырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Н.Мажитова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.