Мемлекеттік қызметшіге қойылатын  этика талаптары

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары мемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым  қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады. Мемлекеттік қызметкер санатына түбегейлі орныққан  жеке тұлға ең алдымен  Қазақстан Республикасы «Ар-намыс Кодексінің» талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасына қатысты қойылатын талаптарымен танысып, оларды сақтауға міндеттенуі тиіс.  Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез  құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді. Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық  көрсету - үлкен қателік. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз  орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен  байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Мемлекеттік қызметші болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Жеке қарым - қатынастар. Өзін - өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады». Ұжымдағы мүшелердің бір - бірімен қарым - қатынасы олардың арасында қалыптасқан дағдыға немесе өзара жеке қарым - қатынастарына байланысты болады. 

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам - мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына әрі адал қызмет етеді деп сенеді. 

Өздеріңіз білетіндей 2018 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында "Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары" нұсқаулығын әзірлеп бекітті. 

Себебі бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән берілуде. Біз күнделікті өмірде әдепті мінез құлықты сақтауымыз қажет. 

Аталған нұсқаулықта мемлекеттік қызметшінің құзыреттері көрсетілген: 

- Қызметті басқару – шектелген уақыт ішінде қажетті ақпаратты дайындау үшін өзіне талап қоя білу; 

- Ыңтымақтастық – әріптестер мен мемлекеттік органдар, ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимылды дамыта білу, тапсырманы орындау мақсатында пікір алмасу; 

- Шешім қабылдау – өзінше шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат таба білу; 

- Жеделділік – өзгермелі жағдайда жылдам бейімделу, жұмысты жақсарту бойынша шара қабылдау; 

- Өздігінен даму – өзін-өзі дамытуға талпыну, жаңа ақпарат іздеу; 

- Қызметті тұтынушыға бағдарлау – сапалы қызметтерді көрсету үшін жұмыс ұйымдастыру және халыққа көмек көрсету; 

- Қызметті тұтынушыға хабарлау – тұтынушыға қолжетімді түрде ақпаратты жеткізу; 

- Парасаттылық – әдептілік нормалары мен стандарттарын қолдану; 

- Жауапкершілік – өз іс-әрекеті мен нәтижелеріне жауапкершілік алу; 

- Бастамашылдық – жаңа идеяларды әзірлеу және ұсыну, негізгі міндеттерден басқа жұмыстарды орындау; 

- Стреске төзімділік – сынға сабырлық таныту, егер ол негізделген болса, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады. 

Азаматтармен өзара қарым-қатынас мемлекеттің апараттың негізгі өлшемдерінің бірі 

Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз – өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін – өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету – сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. 

Л.Дуйсенгалиева 

БҚО МАЭС-ның  бас маманы                                                  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.