Сырым аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды жаңа форматта жасау және оларды түсіндіру бойынша ұсынымдар» бойынша кездесуі өтті
2021 жылы 28 қаңтарда Сырым аудандық сотында «Сапалы нәтиже» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша редакциялық топ әзірлеген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды жаңа форматта жасау және оларды түсіндіру бойынша ұсынымдар» талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуіне аудандық соттың төрағасы Б.Баймуханова, судья Т.Ниязов, Сырым ауданының прокуратурасының және Сырым АПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.
Өзінің баяндамасында сот төрағасы Б.Баймуханова, аталған Нұсқаулықта әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін жаңа форматта дұрыс жасау үшін бірқатар ұсыныстар бар екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, жұмыс кездесуінде қатысушылар істерді объективті, жан-жақты және сапалы қарауға ықпал ететін әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманы қолдану бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.
Жанна-Мари Вебер
Сырым аудандық сотының Кеңсе меңнерушісі
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]