Тіл-рухани игіліктің қайнар бұлағы

Тіл-рухани игіліктің қайнар бұлағы

         Тәуелсіз, егемен елдің басты белгілерінің бірі-тіл. Әр халықтың рухани қазынасы-туған ана тілі. Қазақстан көп ұлтты ел. Бәріміз осы таңғажайып елде тұрамыз және әр алуан тілде сөйлейміз. Достығымыздың, татулығымыздың, бірлігіміздің арқасында елімізде жүзден астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде.

         Еліміздің Ата Заңының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген. Ол заңдылық. Қазақ тілі- тек қазақ халқының тілі емес, елдігіміздің идеялық қазығы, мемлекетіміздің қатынас құралы. Мемлекеттік тіл- қазақтың Ұлы даласын мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың да ортақ тілі. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін барша азаматтардың тілі. Тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамыту, қазақ тілін білмейтін азаматтарды оқыту- бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.

         Елімізде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қазақ тілін меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда. Менің ойымша, тілді меңгеру үшін біріншіден, адамның тілді үйренемін деген ниеті болуы керек. Екіншіден, ұстаздың тілді оқытамын, мінсіз үйретемін деген шын ықыласы болуы керек. Үшіншіден, тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да өте маңызды. Бұл үйренген тілінді ұмытып қалмауға, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Ең алдымен, тілді оқыған кезде адамның дүниетанымы кеңейеді, басқа тілді оқып үйрену арқылы өзге халықтың мәдениетін салт-дәстүрін біледі. Қазақ тілінің байлығы-қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек.

         Тіл - елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйтқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдеп – ғұрпын және салт – дәстүрлерін терең тануға жол ашады.

Тіл тағдыры-ел тағдыры. Тілі мен мәдениеті шалқыған халықтың ғана үні естіліп, даусы нық шығады. Олай болса, теңдікке қолы жетіп, егемен ел болған  бүгінгі Қазақстанның болашағы да қазақ тілінің қалыпты дамуына тікелей байланысты. Тілге салғырттық-елге, оның болашағына, сонымен бірге өзінің де болашағына салғырт қарағанмен тең. Тіл тазалығын сақтасақ – болашағымыз да жарқын. 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы Тлемберлиева Алия Артуровна

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.