Әкімшілік юстиция-сот жаңа форматта

Әкімшілік юстиция-сот жаңа форматта

26 қараша 2020 жылы Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Б.Ш.Журабаев Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен дөңгелек үстелге қатысып, «Әкімшілік юстиция-сот жаңа форматта» атты тақырыпта баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің аппарат басшысы, прокуратура, әділет басқармасы өкілдері қатысты. Ал, аудан әкімдері мен басқарма басшылары бейне конференцс байланыс құралын пайдалана отырып қатысты.

Б.Ш.Журабаев өз сөзінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі екінші тарап мемлекеттік органдар болып табылатын азаматтық істер бойынша азаматтардың құқықтарын қорғаудың дұрыс, оңтайлы механизмін қалыптастыратынан атап өтті.

Қандай да бір заңды қабылдау маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу қажеттілігімен тығыз байланысты. Еліміздің Конституциясында мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам деп көрсетілген, оның өмірі құқықтар мен бостандықтары. Олардың қорғалатындарына кепілдік берген.

Алайда, азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде жария құқықтық дауларды қарағанда, тараптардың жарыспалылығы мен құқықтылығы (теңдігі) қағидаларын басшылыққа алғандықтан қазіргі күнде қарапайым азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау өз деңгейінде емес.

Президентіміз өз жолдауында «Биліктің шешімі мен әрекеттеріне не әрекетсіздігіне сотқа шағым келтіргендегі жария құқықтық дауларды қарағанда азаматтар көбінесе мемлекеттік органдармен тең емес жағдайда қалып жатады. Олардың мүмкіндіктері мемлекеттік аппараттың ресурстарымен бара-бар тепе-тең келе бермейді. Сондықтан осы айырмашылықты жоққа шығаратын ерекше механизм-әкімшілік юстицияны ендіру қажет.»

Әкімшілік юстиция жаңа институт емес, ол көптеген мемлекеттерде бұрыннан жұмыс жасап келеді және құқықтық мемлекеттің ең маңызды атрибуты болып саналады, «еститін мемлекеттің» мықты тірегі, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауға кепілдік болып табылады.

Сондықтан ӘРПК-ны қабылдау – мемлекетіміздің құқықтық мемлекетке лайық жасаған елеулі әрекеті. Енді талап арыздар мемлекеттік органдардың кінәлілігі презумциясымен қаралады, себебі олар өздерінің шешімдерінің,  әрекеттерімен әрекетсіздіктерінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуі қажет.

  Талапкер сотқа талап арыз берсе жеткілікті, сот талапты дұрыс қоюға, формальный қателіктерді түзеуге көмектеседі және өз шешімінің орындалуын бақылайды.

Журабаев Б.Ш. 

БҚО МАЭС-ның судьясы                                                 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.