"Көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жазаларды орындау" тақырыбында дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 27 қазанында Шыңғырлау аудандық сотымен "Көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жазаларды орындау" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге судья Әсел Маженова, аудан прокуроры Марат Ищанов, ПБ бастығы Сергей Астафьев, ПБ бастығының орынбасары Асхат Нысанов, ПД қызметкерлері Серік Бураншеев, Мирлан Ақнұров қатысты.
Судья 2019 жылы аудан сотымен көлік құралдарын басқару құқығынан 28 адам, ал 2020 жылы 13 адам айырылғанын атап өтіп, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін көзделген жазалау шараларына қарамастан ( бұл ҚР ӘҚБтК - нің 612-бабы 3-бөлігі) - 50 АЕК мөлшерінде айыппұл - 138 900 теңгені құрайды немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза, 2020 жылы сотпен осы бап бойынша 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, сот актілерін барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот актілерін және судьяның талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жол қозғалысы саласындағы жазаларды орындауға байланысты проблемалық мәселелерді талқылап, ұсыныстар әзірледі.
Төраға
М.С.Қадырбаев
[xfvalue_img]