Сот приставы лауазымды тұлға
Сот приставы – сот процесі кезінде залда тәртіп пен тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ететін лауазымды тұлға.
Әрбір сот органының жанында сот приставы бөлімі қызмет етеді. Сот приставының өзіндік киім үлгісі болады және ол сот процесі кезінде төрағалық етуші судьяға бағынады.
Сот приставы қызметінің ұйымдастырылуы мен құқықтық мәртебесі арнайы заңмен реттеледі.
Қазақстан Республикасының «Сот приставы» туралы 1997 жылғы 7 шілдедегі №150 Заңының 2-бабына сәйкес, сот приставының заңды талаптарын барлық тұлғалар орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Covid-19» індеті болуына байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Елбасымыздың Жарлығымен төтенше жағдай жарияланғаны барлығымызға мәлім.
Өткен жылы көпшілігіміз ағайындарымыздан, әріптестерімізден, достарымыздан айырылдық. Бірақ қиындықтар біздің сағымызды сындыра алмады рухымызды күшейтті, өмірдің әр уақытын, жақындарымыздың қадір-қасиетін бағалай білдік.
Жүйемізге толық тоқтап қалу төнбес үшін біз еліміздегі, сот төрелегін жүзеге асырудың барлық азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тараптармен «True Conf» мобильдік қосымшасы немесе басқа да қосымшалар арқылы онлайн режимінде өткізудеміз.
«Онлайн» режиміне қарамастан қоғам сотты құрметтеу керек, өйткені әділеттілік Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады.
«Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас» - дегендей сотқа қатысу тәртібінде ұмытпауымыз қажет.
Соттағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тараптардың сот отырысында төрағалық етушінің өкіміне бағынбауына, рұқсатсыз орнынан тұрып сөйлеуіне, бір-бірін балағаттауына, алкогольдік ішімдік ішкен күйде сотқа қатысуына жол берілмейді.
Сот процессіне келмей, қасақана істің қаралуын созбалаңға салатын жағдайлар да аз емес. Кейде судьяға тіл тигізіп сөйлеп, төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынбай, тәртіп бұзып, сот отырысын жүргізуге кедергі жасайтындар, судьяны дәлелсіз қаралап, негізсіз шағым жазатындар да кездеседі.
Соған қарамастан судьялар сот отырысын талапқа сай өткізіп, тараптардың сотта әділдікке қол жеткізуі үшін заң шеңберінде шешімдер қабылдайтыны анық.
Мысалы: сотқа қатысушы тараптар дөрекілік танытып, қоғамдық əдепке сай емес əрекеттер жасап, айқай-шу шығарса, онда аталған әрекеттер сотқа құрметтемеушілік болып танылады.
Мұндай жағдайда, сот приставы сол азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабында көзделгендей әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқылы, ал азаматтар ол бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Яғни ескерту жасауға не жиырма АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сондықтан, сот отырысында және сот ғимаратында тәртіп сақтаған жөн.
Бекет Садуақасов
Нұр-Сұлтан қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот приставы
[xfvalue_img]
14 пікір