Сот приставының сот жүйесіндегі орны және қоғамдағы ролі
Сот приставы – сот процесі кезінде тәртіп пен тыныштық сақталуын қамтамасыз ететін лауазымды тұлға.
Қазір сот жүйесіндегі сот приставтары Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдыналу бөлімі басшысына тікелей бағынады.
Сот приставы сот процесінен бөлек сот отырысына қатысушылар мен тараптардың судьялармен процесуалдық емес қарым-қатынасын болдырмау, мамандандырылған арнайы күзет қызметімен бірлесіп азаматтардың сот ғимаратына кіріп-шығуын ұйымдастыру негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Кей жағдайларда сот отырысы кезінде әр түрлі оқыс оқиғалар орын алып жатады. Соның бірі ретінде, сот процесіне қатысушылар судьялар шығарған шешімдерге, үкімдеріне наразылық білдіру арқылы айқай-шу, дөрекілік танытып жатады. Бұндай оқыс-оқиға ең алдымен сотқа құрметтемеушілік ретінде танылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 653 бабында жауапқа тарту көзделген. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда сот приставы тарапынан хаттама толтырылады.
Сот приставтарының негізгі құқықтары мен міндеттері “Сот приставтары туралы” заңда көрсетілген.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сот приставы
Раманкулов Ч.Н.
[xfvalue_img]
19 пікір