Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі өзгерістерінің өзекті мәселелері талқыланды
Орал қаласының №2 базалық сотында Азамат Борамбаевтың төрағалық етуімен сотқа қосымша өкілеттіктер беру бөлігі бойынша 2020 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды талқылауға арналған онлайн форматта семинар өткізілді.
Іс-шараға облыстық соттың судьясы Ерлан Идиров, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Судья Шынаргүл Шайдиева өз баяндамасында Заңмен судьяға сот отырысына қатысқан адамдарға, тараптардың ұстанымдарына, істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын негізгі мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы мәлімет беруді сеніп тапсырылғанына семинарға қатысушылардың назарын аударды. Сондай-ақ, егер талап қоюға тиісті өкілеттігі жоқ адам қол қойса немесе берген болса, талап қоюшының көрсетілген талапты қолдайтын-қолдамайтындығын анықтау үшін дәлелді процессуалдық шешім қабылдау үшін анықтап алу қажет.
Сонымен қатар, Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген міндеттерді іске асыру үшін сот келесі өтініштер бойынша сот отырысын өткізу қажеттілігін өз қалауы бойынша анықтауға құқылы: өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы; талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы; жіберілген арифметикалық қате және т.б қателіктерді түзету.
Осыған байланысты судьяның жұмысындағы істерді үстіртін қараудан құқықтық жағдайды барынша шешуге ауысуы керек. Сонымен бірге судьяның процестік әрекеттері процессуалдық тұрғыдан тараптардың құқығын бұзбай, әділ сот талқылауы тұрғысынан оңтайлы болуы керек.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 сотының бас маманы
[xfvalue_img]
15 пікір