ҚР АПК-не соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы Заңының талаптары талқыланды
Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі жаңа заңнамалық өзгертулерді қолдану мәселелері бойынша жергілікті соттардың судьяларымен бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізді.
Семинарды аша отырып, облыстық соттың төрағасы Р.Мырзақәрім "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сот жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарды қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының мазмұнын түсіндіріп, талқыланатын тақырыптың барлық судьялар корпусы үшін маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде облыстық соттың судьясы С.Жұмабекова ҚР АІЖК-нің бірінші сатыдағы сотта, сот ісін жүргізу тәртібі бойынша енгізілген жаңалықтарына тоқталды.
Семинар барысында облыстық соттың судьясы Е.Идиров соттардағы татуласу рәсімдерінің ерекшеліктерін, апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттардың сот ісін жүргізудегі өзгерістерді, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін қайта қарау және төрелік шешімдерге қатысты мәселелер туралы айтып өтті.
Облыстық соттың судьялары аудандық және қалалық соттардың АІЖК-нің жаңа нормаларын қолдану туралы сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, семинар барысында азаматтық дауларды қарайтын соттардың жұмысына қатысты басқа да проблемалық мәселелер талқыланды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]