1 желтоқсан – ел тарихы үшін елеулі күн!!!

1 желтоқсан – ел тарихы үшін елеулі күн!!!

Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға – алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы- Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78 %-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылды. Оған дейін Президент «Одаққа бағынған мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚКСР иелігіне ауыстыру туралы» және (ҚКСР-ның алмас және алтын қорын құру туралы» Жарлық шығарды. Қысқасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.

10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың көпэтносты халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге, Қазақстан Республикасының Президентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді. Одан кейінгі мемлекет құрылысының табысты жылдары Мемлекет басшысының 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты. Яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты десек-қателеспейміз. Бұл-ақиқат. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалы, 1993 жылы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» деген еңбек жазды. Сонда «Қазақстан құқықтық демократиялық мемлекетке айналуы үшін қандай қадамдарға бару керек, экономиканы дамыту үшін қандай міндеттерді атқару керек, нарықтық қатынастарды қалай қалыптастыру қажет, Қазақстанның мемлекеттік мүддесі дегеніміз не?» деген сауалдарға жауап береді. Сондай-ақ осы аталған міндеттемелерді қалай атқарылуы керектігі көрсетілген. Міне, сол тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ, яғни 1993 жылы Президент Қазақстан дамуының басты бағдарын анықтап берді. Одан кейін 1997 жылы «Қазақстан-2030» стретегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған.

Ғасырлар тоғысып, заман алмасып жатты. Өзгермеген бір-ақ нәрсе. Ол-егемен ел болам деген қазақтың арманы еді. «Елім-айлап» зарлады, қызыл қырғын кезінде 4 миллион қазақты аштық жалмады. 48 мың ұлтын сүйген Алаш оғландары мен қыздары атылды, жер аударылды, елінен, ана тілінен айырылды. Бірақ санадағы сәуле өшпеді. 1986 жылдың желтоқсанында Алматының қақ төрінде, Алатаудың етегінде қазақтың ұл-қызы тағы да қырғынға ұшырады. Енді қазақ қызы күң бола алмайды, енді қазақ ұлы құл бола алмайды! Қылбырау бостандық рухын тұншықтыра алмайды. Аппақ қар қып-қызыл түске боялды! Қазақстың ғасырлар бойы бұғып жатқан ар-намысы оянды. Бұл осылай келген егемендік еді.

Сын сағаты соқты. Осы жойқын халық қаһарынан қаймықпауға бола ма? Қолы от көсеген, еңбекпен көсегесі көгерген, халықтың өз ішінен жарып шығып, Абылай бабасының арманын арқалап, Тәуелсіздіктің көк жебесі болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарих сахнасына шықты. Әлем назары Қазақстанға ауды. Жеке мемлекет болып көрмеген, жеке саясатын жүргізбеген кешегі Ресейдің колониясы, Кеңестер Одағының «соқыр ішегі» болған қазақ елі егемендіктің тізгінін ұстай алар ма екен деп сырттан сынап қарағандар да аз болмады. Бірақ дос сүйсінді, дұшпан күйінді. Қазақ ел бола алады екен! Қазақ- бір көк Тудың астына жинала алады екен. «Қазақстың бүкіл тарихы-бірігу тарихы»,- деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемендік, тәуелсіздік, ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды. Н.Назарбаев мемлекеттіліктің өркениет жолын ұсынды. Президенттік саяси институт енгізілді. Осылай қазақтың  Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Ата Заңға сүйеніп, халық алдында ант берді.

Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағын тізерлеп отырып сүйгені тарихи сәт еді. Бұл бірінші рет өткізілген инаугурация болатын. Ғасырға бергісіз жиырма тоғыз жылдың ішінде қазақ деген ұлттың Қазақстан атты мемлекетті кәрі Еуропа да, мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-та, көрші Ресей мен Қытай да мойындап, стратегиялық әріптестікке қол қойды.

Қазақтың шекарасы айқындалып, ол Ресей, Қытай, т.б. Парламентінде тиісті ратификациядан өтті, заңды құжатқа айналды. Шекара делиматация, демаркация жасалып, ешкім қол сұға алмайтындай заңмен бекітілді. Әлем жаңа Қазақ мемлекетін, оның Президентін осылай мойындады.

Бүгінде Қазақстан кемел ел, ынтымағы жарасқан тарихи отан. Тарихта жеке  адамның рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Н.Ә.Назарбаев қазақ елін жаңғыртқан, заманын таныған, болашақты болжаған ірі саясаткер.

Қазіргі таңда бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне тойланатын – Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше, мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!!! 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы- сот мәжілісінің хатшысы А.Ш.Досмурзина

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.