1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Тұңғыш Президент күні мерекесі елімізде 2012 жылдан бері кең көлемде тойланып келеді. Бұл мереке Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына деген зор құрметтің белгісі.

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет  қалыптасуының  өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді.

Шын мәнінде, Елбасының  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген  антын тұтастай  және толық  орындағанын  көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ мемлекет атауын  Қазақстан Республикасы деп өзгертті. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының заңы қабылданып, осы заң негізінде  еліміз өзінің  Тәуелсіздігін жария етті. Еліміз бүгінде  бүкіл әлемге  танымал жаңа  атқа ие болды.

Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

Осылайша, тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Қазір мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.

Осы 27 жылдың ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі – сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. 1995 жылы тамыз айында еліміздің Ата Заңын қабылдап, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның құндылықтарын конституциялық нормаларға айналды.

Еліміздің әлеуметтік және саяси дауына келетін болсақ, Стратегия – 2030-ды мерзімінен бұрын іске асырып, Стратегия – 2050, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет» Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады.  Елбасы экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы инситуттары мен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті.

Елбасы Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа замаңғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.

Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп келеміз.

Елбасымыздың осылайша мемлекетті басқаруының арқасында Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Мемлекет басшысы ТМД, Орталық Азия одағы, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы.

Осы уақыт аралығында Қазақстан 70-тен аса халықаралық ұйымдардың белді мүшесі атанып, елімізде Азиада, ЕХРО халықаралық көрмесі және қысқы Универсиада сияқты маңызды шаралар жоғары деңгейде өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, оған деген халықтың сенімінің, еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында Қазақстан осындай үлкен жетістікке жетіп, әлемге танылып отыр. Оған қоса, Қазақстанның бүгінгі таңдағы тәуелсіздігінің күші – ұлттар достастығында, ел бірлігінде болып отыр. Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің, тұңғыш президентіне алғысымыз шексіз!

 

Е.Ахмеджанов

ҚР Әскери сотының

ақпараттық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.