Медиация тәртібімен қылмыстық іс қысқартылды
Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен азамат Ж.-қа қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Қылмыстық істің құжаттарына сай, азамат Ж. 2020 жылғы шілде айында түнгі мезгілде «Опель Вектра» маркалы көлік құралын басқарып, Әйтеке би ауданы «Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының 76 шақырымында жолда бірыңғай сызық бар екенін көріп және бұл сызықты кесіп өтуге тыйым салынғанын біле тұра, Жол жүрісі қағидаларының бірнеше тармағында көзделген талаптарды бұзып, алдында бір бағытта кетіп бара жатқан жүк көлігін басып озу мақсатымен жолдың қарсы бағытына шығып, қарама-қарсы келе жатқан Е. басқаруындағы «G» маркалы мотокөліктің оң жағына сақтығысып, абайсызда Е. денсаулығына ауыр зиян және жолаушы ретінде отырған Н. денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiрген.
Сот отырысында жәбірленушілерден қылмыстық әрекет салдарынан келтірген зиянды сотталушы Ж. өтегендіктен және сотталушымен медиация тәртібімен татуласқандықтан істі қысқартуды көрсеткен.
Сот қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Әйтеке би аудандық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]