Тәртіп пен тәрбие – заңдылық пен әділеттіліктің негізі

Тәртіп пен тәрбие – заңдылық пен әділеттіліктің негізі

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен тәртіп пен тәрбиеден басталады. Тәртіп бар жерде – жауапкершілік, жауапкершілік бар жерде – сенім мен әділдік болады. Ал тәрбие – адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын басты құндылық. Заң саласында тәртіп пен тәрбиенің алатын орны ерекше. Себебі бұл салада қызмет атқаратын әрбір маман тек өз міндетін орындап қана қоймай, заңдылық пен әділдіктің сақталуына үлес қосады. Қызметтік әдепті сақтау, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау, уақытты тиімді пайдалану, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау – кәсіби мәдениеттің негізгі көрсеткіштері. Сот жүйесінде жұмыс істейтін әрбір қызметкердің бойынан сабырлылық, адалдық, ұқыптылық, әділдік пен парасаттылық қасиеттері көрініс табуы тиіс. Өйткені сотқа жүгінген әрбір азамат ең алдымен заңға деген сенім мен құрметті сезінуі қажет. Қызметкердің сөзі мен ісі, жүріс-тұрысы мен қарым-қатынасы мекеменің беделіне тікелей әсер етеді. Тәртіп – тек ішкі еңбек тәртібін сақтау емес, ол адамның өзіне, әріптесіне және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі. Ал тәрбие сол тәртіптің адам бойында қалыптасуына ықпал етеді. Жас мамандарға үлгі көрсету, тәжірибемен бөлісу, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту – ұжымдық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңда заң саласының қызметкерлеріне қойылатын талап жоғары. Кәсіби білім мен біліктілікпен қатар, жоғары мәдениет, әдептілік және жауапкершілік те маңызды. Әрбір қызметкер өз ісіне адал болып, заң талаптарын басшылыққа алғанда ғана халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі нығая түседі. Қорыта айтқанда, тәртіп пен тәрбие – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Тәртіпті ұжым – табысты жұмыстың, ал тәрбиелі маман – абыройлы қызметтің кепілі. Заңды құрметтеу өзімізден басталады. Сондықтан әрқайсымыз қызметтік міндетімізді адал атқарып, қоғамда заңға құрмет пен әділдік қағидаттарын қалыптастыруға үлес қосуымыз қажет. Тәртіп – қызметтің тірегі, тәрбие – адамдықтың белгісі, ал әділдік – заң саласының басты ұстанымы!

Орал қалалық сотының бас маманы Б.Беркитова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.