Мемлекеттік қызметшінің әдебі – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімі мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби білімі мен біліктілігімен қатар, оның әдептілігі, мәдениеті, мінез-құлқы және азаматтармен қарым қатынас жасау мәнері де маңызды рөл атқарады.

Ол өз қызметінде заңдылық, адалдық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс. Азаматтармен қарым қатынас барысында сыпайылық танытып, олардың өтініштері мен мәселелеріне мұқият қарауы қажет. Әрбір азамат мемлекеттік органға жүгінген кезде өзін құрметтелген тұлға ретінде сезінуі керек.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметші қызметтік әдепталаптарын жұмыс орнында емес, күнделікті өмірде де сақтауға міндетті. Оның қоғамдағы жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, әлеуметтік желілердегі әрекеті мемлекеттік қызметке деген көзқарасқа әсер етуі мүмкін.

Қызметтік қарым қатынаста әріптестерді құрметтеу, өзара түсіністік пен іскерлік мәдениетті сақтау да аса маңызды. Ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру – жұмыстың тиімділігіне тікелей ықпал етеді.

Әдеп нормаларын сақтау – тек талапты орындау емес, ең алдымен халыққа қызмет етудің жоғары мәдениетін көрсету. Себебі мемлекеттік қызметші – мемлекеттің атынан азаматтармен тікелей байланыс жасайтын тұлға.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметшінің әдебі – оның кәсіби келбетінің ажырамас бөлігі. Әрбір қызметші өз ісімен адалдықтың, әділдіктің, жауапкершіліктің және мәдениеттіліктің үлгісін көрсетуі тиіс. Халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімі де осындай қарапайым, бірақ маңызды құндылықтардан басталады.

А.Мендалиев

БҚО, Жаңақала аудандық соты әкімшісі басшысының орынбасары

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.