Тіл – заң мен әділеттің негізі
Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдігіміздің айқын белгісі. Ана тілімізді құрметтеу, оның қолданыс аясын кеңейту – әрбір азаматтың парызы. Әсіресе, заң саласында мемлекеттік тілдің орны ерекше. Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы – заңдылық пен әділдіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Себебі сот төрелігін жүзеге асыру барысында әрбір сөздің, әрбір құқықтық ұғымның маңызы зор. Заң талаптарын дұрыс түсіндіру, сот құжаттарын сауатты әрі нақты рәсімдеу – заң саласы қызметкерлерінің кәсіби міндеті. Мемлекеттік тілде іс жүргізу – тек құжаттарды қазақ тілінде дайындау ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін ана тілінде түсінуіне мүмкіндік жасау. Бұл халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Заң саласында қызмет ететін әрбір маман мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, кәсіби сөздік қорын үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Өйткені сауатты сөйлеу мен дұрыс жазу – маманның біліктілігі мен мәдениетінің көрінісі. Тілге құрмет – елге құрмет. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – баршамызға ортақ міндет. Заң саласында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту арқылы біз әділетті қоғамның қалыптасуына және ұлттық құндылықтарымыздың нығаюына үлес қосамыз. Ана тіліміз – әділеттің үні, заңдылықтың тірегі, елдігіміздің белгісі!
Орал қалалық сотының бас маманы Қ.Төлеулі
[xfvalue_img]
