Медиацияны дамыту және тараптарды медиаторға жолдау бойынша азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Медиацияны дамыту және тараптарды медиаторға жолдау бойынша азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Жаңақала аудандық сотында сот төрағасы М.Ж. Бақтығұловтың қатысуымен  07 қазан 2026 жылы ауыл тұрғындарын жеке қабылдау өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың өтініш-мәселелерін тыңдау және дауларды сотқа дейінгі реттеудің тиімді тетіктерін түсіндіру.

Қабылдау барысында төраға азаматтарды медиация институтының мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпараттандырды. Атап айтқанда, медиация — тараптардың өзара келісімге келуіне бағытталған, сот талқылауына қарағанда әлдеқайда жылдам, шығыны аз және татуластыруға негізделген дау шешу тәсілі екендігі айтылды. Медиаторға жүгіну арқылы тараптар дауды өздеріне қолайлы мерзімде, құпиялылықты сақтай отырып шешуге мүмкіндік алады.

Сот төрағасы М.Ж. Бақтығұлов азаматтарға медиаторға жолдау тәртібін, оның ішінде өтініш беру, медиаторды таңдау, медиациялық келісім жасасу және оны орындау тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ медиациялық келісім сот шешімімен бірдей орындалуға жататыны, ал істі медиация тәртібімен аяқтаған жағдайда мемлекеттік баж қайтарылатыны туралы да айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, медиация тәртібін қолдану жөнінде нақты ұсынымдармен танысты. Мұндай кездесулер ауыл тұрғындарының құқықтық мәдениетін көтеруге және сот жүктемесін азайтуға ықпал етеді.

ҚР Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Жаңақала аудандық сот әкімшісі басшысының орынбасары А.Мендалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.