Татуласу дауды шешудің тиімді жолы

Татуласу дауды шешудің тиімді жолы

Еліміз егемендік алған уақыттан бергі кезеңде, өзінің құқықтық саясатының басты бағыты ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерінің қорғалуына негізделген құқықтық мемлекет құруды таңдағаны мәлім. Осы мақсатта Елбасының 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі құқықтық саясатының Концепциясы» бекітіліп, онда сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сотқа қатысушы тараптардың өз құқықтарын барынша толық жүзеге асыруына жағдай жасау, тұлғаның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерінің уақтылы қорғалып, қалпына келтірілуіне қол жеткізу шаралары көзделген. Концепцияда тараптардың арасындағы жеке құқықтық дауларды шешуде сот ісін жүргізу және соттан тыс тәртіпте дауды бітімгершілікпен шешудің әр түрлі баламалы жолдары мен әдістерін, оның ішінде медиация, делдалдықты қолдану айтылған.

2016 жылы қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік кодексіне татуласу рәсімдері бөлек тарау ретінде бекітілді. Осы кодекстің 174 бабының тәртібі бойынша сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіні көрсетілген. Іс жүргізу заңының жаңадан енгізіліп бекітілген өзгерістері бойынша бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтініш хаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Осыған сәйкес республиканың барлық судьяларымен медиация тәртібімен  дауды реттеу бағытында олардың кәсіби - біліктіліктіліктерңн арттыру шаралары қолданылады. Медиацияны аппеляциялық сатыдағы сотта өткізуі үшін іс әдетте соттың алқалы құрамындағы судьялардың біреуіне беріледі.

        Медиация сотта "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінде белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі. Сот тараптардың өтініщ хаты бойынша медиация рәсімін белгіленген мерзім шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа тұлғалардың  қатысуы дауды реттеуіне ықпал етсе, оларды медиацияға шықыруға құқылы.

        Егер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.

Медиация қызметінің тиімді жағына көз салсақ, бұл қызмет ең алдымен қоғамды ізгілендіруге жол ашады. Яғни, медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың, яғни, медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық тең құқылығын сақтай отырып тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Ең бастысы медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады.

Бүгінгі медиаторлардың қызметі ерте кездегі қазақтың билер институтының жаңа заманғы көрінісі деуге болады. Қазір әлем елдерінің тарихи көшіне ілесіп, жарқын болашаққа бағыт алып, жетістіктерге жету жолында еңбек пен тәжірибелерін шыңдайды деген сенімдеміз.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының

төрағасы А.Бабатов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.