СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Елбасымыз Судьялардың V cьезінде сөйлеген сөзінде, сот қызметін таразылай келе: «Қазақстанда сот билігі үшін көп іс атқарылды. Халық судьялар корпусынан соттың заң мен әділдіктің әрқашан сенімді тірегі болатындай жұмыс істеуін талап етуге құқылы» дей келе, «Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы» екенін айтқан Елбасы, сот жүйесінің де еркін жұмыс істеп, әділетті сот төрелігін жүзеге асыру үшін толыққанды жағдай жасап, өркениетті елдердің озық тәжірибесін меңгеруде барлық құқықтық-заңнамалық негізбен қолдау көрсетіп отырғаны анық. Тәуелсіздік таңымен бірге туындап, елмен бірге жасасып, бірге қалыптасып, бірге түлеген сот жүйесі бүгінде материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген, рухани жақтан жан-жақты қолдау тапқан орнықты құрылымға айналып, құқықтық мемлекетке лайықты өз мәртебесіне сай жұмыс жасауда.», — деп атап көрсетті.

Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл біздің бір күндік немесе бір кезеңдік іс-шара ғана емес, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу жолындағы негізгі бағыттардың бірегейі болуы тиіс. Сонда ғана діттеген межеге бұрын келеріміз анық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

Бұл күндері қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Егер қазақ тілінің түркі тілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30-ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға тарта адамның сөйлейтінін ескерсек, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана алатындар саны көбейе түспек.

Қазіргі уақытта сот жүйесінде барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Сот ісін жүргізу тілі басымдық мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» — деп атап көрсеткен.

Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады. Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі — қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымызбен, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы» 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болуы тиіс. Алайда тіл туралы Заңда айдан анық айқындалғанымен, қазақ тілі мемлекеттік басқару тіліне айнала алмай келеді. Сондықтан да патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе — мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекттік тіл — бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. Осыған байланысты қоғамдық пікір мен ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің туған тіл туралы тебіреніске толы толғауларында ұлт пен тілдің біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысқан киелі асқақ ұғымдар екеніне баса мән беріледі.

Кеңес үкіметі тұсында Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты басқа да ұлт зиялыларын қатты толғандырған осы тіл мәселесі еді . Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңынан үзінді)

 Қашаннан да елдіктің қайнар көзі – белгілі бір халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады. Оның мемлекеттік құрылтайшысы, әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Тарихи және жалпы азаматтық практикада, бұл солай. Ел болған жерде оның тілі-мемлекеттік тіл болуы керек. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі. Бұл Ата заңымыздың 7-бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп атап көрсетілген. Сондықтан да мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл — біздің ана тіліміз — Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліҚазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.      

 Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілде еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

23 бап. Тілді мемлекеттік қорғау. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды.

Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және луазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі терминологиялық және ономастикалық комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттың ұлтаралық ортақ тілі. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретінтілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқат ілдер. Қазақ тілі — өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әр түрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.

Елбасы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырды. Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның ілгерілеуіне заманауи тетіктер мен кешенді сот реформаларын жүргізу қажеттілігімен қатар, яғни мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, қазақ тілінде сот ісін жүргізу мәселесіне де жаппай көшетін қажеттілік туындататын уақыт жақын деп танимыз.

Тіліміздің тағдыры өз қолымызда, тіліміздің мәртебесін көтерейік! 

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы 

Жумабаева Жаркынай Муратбаевна

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

129 пікір

  1. аватар
    Jamel 31 октября 2026 02:32

    The Osko transaction reference from your instant bank
    transfer casino australia
    app constitutes strong documentation for PayID disputes.
    Australian banks do not block transfers to licensed online casinos, though some may ask
    you to confirm the casino holds a valid gaming license.
    You must send ID and proof of address before your first withdrawal.
    Note that bonus wagering rules may limit crash games.

  2. аватар
    Ladonna 9 ноября 2026 04:46

    Even if a casino’s security was compromised, your financial information wouldn’t be at risk because it was
    never shared. Most of the top Australian online casinos
    accepting Neosurf
    offer welcome bonuses including deposit match
    bonuses (commonly 100% up to $500–$1,500) and free spins packages.
    These require you to register an account without making any deposit, and claim a small
    amount of bonus funds or free spins (usually $10–$20 equivalent) just for signing
    up. Australian players have several options for funding casino accounts — credit cards (where
    still accepted), POLi bank transfer, PayID, cryptocurrency, and e-wallets.

  3. аватар
    Anja 9 ноября 2026 18:10

    Wer seine normalen Rechnungen per Online-Banking bezahlt, wird es bequem
    finden, gleichzeitig auch sein Spielerkonto im Casino auf diese Weise aufzuladen. Auch diese
    Art von Zahlung wird von Kunden vorgezogen, die eher konventionelle Zahlungsmethoden nutzen möchten. Diese Art der
    Zahlung ist wohl jedem bekannt und bestens für diejenigen geeignet,
    die sich nicht mit anderen Online Zahlungsmethoden anfreunden können oder möchten. Wenn Sie ein High-Roller Casino Spieler sind und häufig mit großen Einsätzen spielen möchten, ist
    es wichtig zu wissen, dass der Anbieter tatsächlich hohe Einzahlungen erlaubt.
    Sie sollten sich in jedem Fall davon überzeugen, dass
    der Anbieter die notwendigen Lizenzen besitzt, um legal zu sein, und generell einen guten Ruf hat.
    Sie möchten seriöse Zahlungsmittel nutzen, die allgemein einen guten Ruf haben.

    References: wetlandbasedsolutions.org

  4. аватар
    Viola 9 ноября 2026 18:46

    Auszahlungen per Trustly sind in der Regel sehr
    schnell und werden oft innerhalb von weniger als 24 Stunden verarbeitet.
    Ein Trustly Casino
    ohne Oasis
    ist ein Online-Casino, das Trustly als direkte
    Banktransfer-Zahlungsmethode anbietet und sich nicht an das deutsche Spielersperrsystem OASIS angeschlossen hat.
    Es ist wichtig, die Bonusbedingungen genau zu
    lesen, da sie oft maximale Einsatzlimits pro Runde (z.B.

    5 €) und zeitliche Befristungen enthalten. Trustly-Zahlungen werden dabei meist als qualifizierende Einzahlung akzeptiert, solange der Mindestbetrag von 10 € erreicht wird.

    Die Bedingungen für diese Boni sind jedoch oft an einen Umsatz von 30x bis
    40x des Bonusbetrags geknüpft. Boni in Trustly-Casinos ohne Oasis können Einzahlungsboni von bis zu 200 % betragen, was deutlich
    höher ist als die in Deutschland lizenzierten Angebote.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.