Мемлекеттік тіл – қызмет тілі

Мемлекеттік тіл – қызмет тілі

Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс.  Адамзаттық  құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын дамыған. Ғылым да мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тіл адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіретті саяси тетік ретінде ертеден-ақ пайдаланылған.

Мемлекеттік тіл – көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын мектеп және жоғарғы оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс орындарында құқық қорғау мен әскери бөлімдерінде  сот істерін жүргізу міндетті деп саналатын саяси құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалынуда. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократиялық қоғамды белгілі бір тілге мемлекеттік статус беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы заңында анық айтылған.

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының 4 бабында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» делінген. Сондықтан, қасиетті де киелі тіліміздің қолданыс аясын одан әрі кеңейту керек. Дегенмен де, тәуелсіздігімізге 30 жыл толса да кей жерлерде мәртебелі қазақ тілге  деген жанашырлық әлі де болса  байқалмайды. Қазақ тілге деген сауаттылықты кеңейтіп, қолданыс аясында  тілге деген ұлттық рухани байлығымызды одан әрі дамытуымыз керек.

        Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Сонымен қатар, сот жүйесінде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесіне жіті көңіл бөліну керек. Ресми құжаттар негізінен мемлекеттік тілде жазылады. Қазақстан Республикасы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы  «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы»  №36 өкімі Республикамыздың барлық соттарында қолданылады. Қәзіргі кездегі іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқада да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Тұнғыш Президентіміз, Елбасы Судьялардың V сьезінде сөйлеген сөзінде, сот қызметін таразылай келе: «Қазақстанда сот билігі үшін көп іс атқарылды. Халық  судьялар корпусынан соттың заң мен әділдіктің әрқашан сенімді тірегі болатындай жұмыс істеуін талап етуге құқылы» дей келе, «Тауелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы» екенін айтқан Елбасы, сот жүиесінің де еркін жұмыс істеп, әділетті сот төрелігін жүзеге асыру үшін толыққанды  жағдай жасап, өркениетті елдердің озық тәжрибесін меңгеруде барлық құқықтық-заңнамалық негізбен қолдау көрсетіп отырғаны анық. Тәуелсіздік таңымен бірге туындап, елмен бірге жасасып, бірге қалыптасып, бірге түлеген сот жүиесі бүгінде материалдық-техникалық жағынан толық қамтамассыз етілген, рухани жақтан жан-жақты қолдау тапқан орнықты құрылымға айналып құқықтық мемлекетке лайықты өз мәртебесіне сай жұмыс жасауда » - деп атап көрсетті.

         Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазіргі  таңда мемлекет тарапынан тілдік корымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда  «Ана тілін білмейтін адам, мәдениетті адам санатына қосылмайды »-деп,  Мұхтар Әуезов атамыз айтқан екен.

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз оны білмеу – өзімізге үлкен сын екенін ұмытпайық.

Күміс Байтакова

Орал қаласының №2 сотының жетекші маманы

 

       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.