Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып саналады. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мен, 2009 жылы сот жүйесіне келгенде, қазақ тілінде сот істері сирек жүргізілетін. Қазіргі таңда, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Бір жағынан мемлекеттік тілді оқытып үйретіп жатса, екінші жағынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу бағыты дамытылуда.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

«Қазақстанда сот билігі үшін көп іс атқарылды. Халық судьялар корпусынан соттың заң мен әділдіктің әрқашан сенімді тірегі болатындай жұмыс істеуін талап етуге құқылы», «Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы» деп, сот жүйесінің еркін жұмыс істеп, әділетті сот төрелігін жүзеге асыру үшін, дамыған елдердің озық тәжірибесін меңгеру үшін құқықтық-заңнамалық қолдау көрсетіліп, құқықтық мемлекетке лайықты өз мәртебесіне сай жұмыс жасауда» - деп судьялардың V cьезінде Елбасы атап өткен. 

Қазіргі уақытта сот жүйесінің барлық құжаттары мен іс қағаздары мемлекеттік тілде орындалуда. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілге деген талап күшейтіліп, сот жүйесінде істерді мемлекеттік тілде қаралуы жыл сайын артып келеді.

Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетілдірілуі сот реформаларын жүргізу қажеттілігімен қатар, мемлекеттік тілді сот ісін жүргізуде қолдану заман талабына сай қажет етеді.

Тіліміздің тағдырын, тіліміздің мәртебесін көтеру біздің өз қолымызда.

А.Н.Молдагаипова 

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.