Мемлекеттік қызмет – елге қызмет

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет

Мемлекеттік қызмет – қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды сала. Бұл – жай ғана мамандық емес, мемлекет пен халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан мемлекеттік қызметші әрдайым заңды басшылыққа алып, адалдық, әділдік және кәсібилік қағидаттарын берік ұстануы тиіс.

Тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, сапалы әрі уақытылы қызмет көрсету. Халықпен жұмыс істейтін әрбір маман сыпайылықты, ашықтықты және жауапкершілікті басты қағида ретінде ұстануы қажет. Өйткені мемлекеттік қызметтің нәтижесі азаматтардың мемлекетке деген сеніміне тікелей әсер етеді.

Қазіргі таңда цифрландыру үдерісі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтерді. Электрондық қызметтердің көбеюі құжат рәсімдеу уақытын қысқартып, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл – халыққа қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың маңызды қадамы.

Мемлекеттік қызметші өз білімін үнемі жетілдіріп, заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеріп, кәсіби деңгейін арттырып отыруы қажет. Сонымен қатар қызметтік әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау және заң талаптарын бұлжытпай орындау – әрбір мемлекеттік қызметкердің абыройлы міндеті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсыну арқылы мемлекеттік қызметтің басты мақсаты – халыққа қызмет ету екенін айқындады. Бұл қағида мемлекеттік қызметшілерден кәсібилікпен қатар жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап етеді.

Мемлекеттік қызмет – елдің дамуына үлес қосудың ең жауапты жолдарының бірі. Әділдік пен адалдықты ту еткен, халық мүддесін бәрінен биік қоятын мемлекеттік қызметші ғана қоғам сеніміне ие болады. Елге адал қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметкердің абыройлы борышы әрі азаматтық парыз 

БҚО, Жаңақала аудандық  сот әкімшісінің басшы С.Танатарова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.