Мемлекеттік қызмет-үлкен жауапкершілік

Мемлекеттік қызмет-үлкен жауапкершілік

Мемлекеттік қызметшілер күні-ел игілігі үшін адал еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсететін ерекше мереке.

Мемлекеттік қызметші күн сайын азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеп, олардың мәселелерін шешуге ат салысады. Сондықтан бұл мамандық – үлкен төзімділікті, білімділікті және адамгершілікті талап етеді.

Мемлекеттік қызмет жүйесінде сот саласы қызметкерлерінің орны айрықша. Өйткені олар заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға өз үлестерін қосып келеді.

Сот жүйесінің тиімді жұмысы тек судьялардың ғана емес, сот қызметкерлерінің де кәсібилігіне бйланысты. Сот отырыстарының уақытылы ұйымдастырылуы, іс жүргізу құжаттарының сапалы рәсімделуі, азаматтарға көрсетілетін қызметкерлердің қолжетімді болуы – сот аппараты қызметкерлерінің күнделікті еңбегінің нәтижесі.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары- ашықтық, әділдік, кәсібилік және халыққа қызмет ету. Бұл қағидаттар сот жүйесі қызметкерлерінің жұмысында ерекше көрініс табады. Олар өз міндеттерін адал атқарып, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға қызмет етеді.

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында сот саласында еңбек етіп жүрген барлық қызметкеркерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз. Еліміздің өркендеуі мен заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын.

Орал қалалық сотының бас мамаын- сот отырысының хатшысы А.Жәнібекова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.