Жауапкершілігі жоғары қызмет иесі

Жауапкершілігі жоғары қызмет иесі

Бөрлі аудандық сотының әкімшісінде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандардың бірі – бас маман Бажанская Зумрад Хамидуллаевна.

Зумрад Хамидуллаевна 1978 жылғы 4 тамызда Узбек ССР-дің  Нукус қаласында дүниеге келген. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 2003 жылғы 4 тамызында бастап, содан бері бір мекемеде табанды қызмет атқарып келеді. Оның көп жылғы еңбегі кәсібилікпен, жауапкершілікпен және өз ісіне деген адалдықпен ерекшеленеді.

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтап, ел игілігі үшін адал еңбек етуді талап ететін жауапты сала. Осы бағытта Бөрлі аудандық соты әкімшісінің бас маманы өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне елеулі үлес қосып келеді.

Бас маманның негізгі міндеттері сот ісін жүргізуді ұйымдастыруға, құжат айналымын қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштері мен сұраныстарын уақытылы қарауға, сондай-ақ сот қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Күнделікті жұмыс барысында заң талаптарын қатаң сақтап, қызметтік әдеп қағидаларын басшылыққа алады.

Көп жылғы мінсіз қызметі мен кәсіби шеберлігі үшін Зумрад Хамидуллаевна Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және аудан әкімінің түрлі Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталды. Бұл марапаттар оның қызметіне деген жауапкершілігі мен еңбегінің жоғары бағаланғанын көрсетеді. 2022 жылғы Жоғарғы сотының Департамент басшысының «Құрмет грамотасы» мен марапаталған және Бөрлі ауданының әкімінің 2025 жылдың 19 тамыздағы «Бөрлі ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен марапаттаған.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап жоғары. Осы орайда Бөрлі аудандық соты әкімшісінің бас маманы кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет сапасын арттыруға күш салып келеді. Азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық танытып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөледі.

Мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі – адалдық пен жауапкершілік. Бұл қасиеттер бас маманның қызметінде айқын көрініс тауып, ұжым арасында құрметке ие болуына негіз болып отыр. Өз ісіне ұқыптылықпен қарап, әр тапсырманы сапалы орындауы сот жүйесінің беделін арттыруға ықпал етеді.

Алдағы уақытта да Бөрлі аудандық соты әкімшісінің бас маманы заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп, мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеруге өз үлесін қоса береді деп сенеміз.

БҚО, Бөрлі аудандық соты әкімшісінің басшысы А.Н.Оразбек

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Earnestine 8 августа 2026 15:51

    Weiter konnte durch die Eröffnung des Las Vegas Convention Center,
    eine der weltweit größten Messehallen, durch Kongresse und Tagungen ein neues
    Publikum angezogen werden. Entgegen der gängigen Legende war Siegel somit nicht der Gründervater
    des Konzepts der Hotelcasinos und des modernen Las Vegas, sondern folgte anderen, die vor ihm diesen Weg eingeschlagen hatten. 1941 öffnete mit dem
    El Rancho Vegas das erste Hotelcasino etwas außerhalb der damaligen Ortschaft Las Vegas und im Dezember 1942 folgte
    das New Frontier am Strip. Las Vegas wurde wegen seiner Quellen zu einem
    wichtigen Zwischenstopp für Wagentrecks und die Eisenbahn auf dem
    Weg zwischen Kalifornien im Westen und New Mexico im Osten. Die erste Siedlung wurde 1855 von der Kirche Jesu Christi der Heiligen der Letzten Tage (Mormonen) gegründet, aber schon zwei Jahre später wieder
    aufgegeben.

    References:
    https://s3.amazonaws.com/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.