«Мемлекеттік қызметкер!»

«Мемлекеттік қызметкер!»

Мемлекеттік қызметшілер күні-өз ісіне адал, жауапкершілікті серік еткен мамандардың еңбегін ұлықтайтын айтулы мереке. Осындай заңдылық пен әділдіктің орнауына, сот тарихы мен құжаттардың қауіпсіз сақталуына  елеулі үлес қосып жүрген әріптесім Анаргүл Қайырғалиқызы Ахонованы атап өткім келеді.

Жалпы отыз жылдан астам еңбек өтілінің жартысынан көбін сот саласында мінсіз қызмет атқарып келе жатырған әріптесім, еңбек жолында кіші қызметкерден бастап, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, сот кеңсесінің маманы болып, күні бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы болып еңбек етіп келеді.

Қызметінен бөлек қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, сот ұжымының атынан спорттық, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырған байқауларына қатысып, жүлделі орынды иеленген жетістіктері де аз емес.

Бұған қоса, Батыс Қазақстан облыстық сотымен тіл жанашыры ретінде көтермелеуге ие болып, аудармашылық қабілетін сот процесстерінде іске асырып келеді.

Қазіргі таңда, Анаргүл Қайырғалиқызы  БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы соттың ведомстволық архивіне жауапты тұлға. Сот архиві - бұл тек өткен күннің құжаттар қоймасы емес, бұл мыңдаған азаматтардың тағдыры, құқықтық кепілі мен сот төрелігінің шынайы шежіресі. Анаргул Кайырғалиқызы өзінің күнделікті қызметінде мыңдаған істерді жүйелеп, әрбір құжаттың заң талаптарына сай сақталуына, Жоғарғы соттың, кассациялық соттың, прокуратураның сұраныстары бойынша істерді, басқа да мекемелерден түскен сұраныс, арыздарға жауап жолдап отырады. Оның мұқияттылығы мен іске деген тиянақтылығы сот жүйесіндегі құжат айналымының мінсіз жұмыс істеуіне негіз болып келеді.

Әріптесім Анаргул Қайырғалиқызы тек өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар әріптестері мен қызметкерлер арасында жоғары беделге ие тұлға. Жас мамандарға бағыт-бағдар көрсетіп, тәжірибесімен бөлісуден қалыс қалмайды. Мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін қатаң сақтай отырып, сотқа жүгінген әрбір азаматқа, әріптестеріне байсалдылықпен, сыпайылықпен және заң аясында сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Сот билігінің ашықтығы мен беделін арттыруға қосқан үлесі зор екенін атай отырып, кәсіби мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасына амандық және еңбекте абырой мен толағай табыстар тілейміз.

Н.К.Мажитова

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

24 пікір

  1. аватар
    Zandra 31 октября 2026 02:22

    The time required for a withdrawal is longer than a
    deposit, as the casino and bank will need to verify
    your identity. However, there are a few out there, so follow these steps if you want to deposit via wire transfer.
    We can’t say we have seen many casino deposit pages that list wire transfer as an available deposit method.
    Some banks/countries might need the player to provide an IBAN/BIC
    code when using wire transfers. We have step-by-step
    guides below for players who might be completely new. Below is the process we go through whenever choosing a wire transfer casino to recommend.


    References: https://tanea.or.tz/

  2. аватар
    Delores 31 октября 2026 03:43

    Klassische Überweisungen, die direkt auf das Bankkonto eines Casinos
    angeboten werden, wirst du eher selten vorfinden. Gebühren werden bei Nutzung dieser auch
    eher selten seitens der Online Casinos berechnet.
    Oftmals kannst du dabei auch von erhöhten wöchentlichen oder monatlichen Limits bei deinen Auszahlungen profitieren. Wenn wir Online Casinos mit Sofortüberweisung
    testen, gehen wir dabei einem fixen Ablauf an Tests nach.


    References: https://forum.nexyn.app/

  3. аватар
    Epifania 1 ноября 2026 02:10

    If you’re used to online pokies that accept PayID at local sites, you’ll recognise the same
    studios here; the difference is how quickly you can start and stop.
    That’s the kind of turnaround you expect from an Australian PayID casino alternative,
    even if the cashier itself is crypto. If you’re chasing PayID online pokies
    or simply want the same studios you’d see at online pokies that
    accept PayID, you’ll recognise the lineup here, just with
    faster exits. Sign-up is quick, the cashier is tidy, and crypto withdrawals move in minutes, our BTC tests cleared around the six-minute mark.
    Sign-up is quick, the cashier is clean, and crypto payouts hit fast in our tests, BTC/ETH/USDT cleared in about six minutes.



    References: https://clubhub.croquetqld.org/forum/d/47-pokies-net-australia-payid-instant-ba
    nking-guide-for-aussie-players

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.