Мемлекеттік қызмет мәртебелі міндет!!!

Мемлекеттік қызмет мәртебелі міндет!!!

Мемлекеттік қызметші болу- бұл үлкен абырой мен міндет. Олай дейтініміз ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі мен оның жетістікке жетуі сот мамандарының біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Сол үшін де, мемлекеттік қызметкер- билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілген болатын.

Қазақта, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген нақыл сөз бар. Осындай айтулы мереке қарсаңында сот саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар жауапкершілігі мол маман, әріптестерінің арасында үлкен беделге ие, адамға қол үшін беруге үнемі дайын тұратын, жұмысты бар ынтасымен жасайтын сот саласының қылмыстық кеңсе бөлімінің бас маманы қызметін атқаратын әріптесім Мустафина Бота Серікқызын атап өткім келеді.

Жоғарғы оқу орнының құқықтану мамандығын бітіре сала, сот саласында ұзақ жылдар мінсіз қызметін атқарып келе жатырған әріптесім Орал қалалық сотының жетекші маманы, Орал қалалық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы, 2011 жылдан күні бүгінге дейін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сот Әкімшісінің қылмыстық кеңсе бөлімінің бас маманы лауазымын атқарып келеді.

Өз лауазымын адал және мінсіз атқара жүріп, жаңадан келген жас мамандарға тәлімгер болып, бар білгенімен бөлісіп, түрлі қоғамдық шараларға да белсене қатысып жүреді.

Осындай мінсіз қызметінің дәлелі ретінде 2021 жылы Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының Сот Әкімшісінің басшысы Н.Р.Ахметзакировтың «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қазіргі таңда, Бота Серікқызы  БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшісінің бас маманы қызметін атқарады. Соттың барлық қылмыстық істерін ақпараттық есепке алу құжаттарын жүргізеді. Сотқа келіп түскен қылмыстық істерді, шағымдарды автоматты түрде бөліп, оларды судьялар арасында тиісті түрде таратады. Істерді сот Әкімшісіне уақытылы өткізуді және апелляциялық шағымдармен және өтінішхаттармен бірге істерді жоғары тұрған сотқа жіберуді бақылауды жүзеге асырады. Қылмыстық істер бойынша статистикалық есепті автоматты түрде әзірлейді. Сонымен қатар, статистикалық есептердің толықтығы мен анықтығына және олардың уәкілетті органға өткізілуіне жауапты маман болып табылады. Жекеше қаулыларды есепке алу және олардың орындалуын бақылайды. Қылмыстық кеңсенің бас маманы ретінде республиканың басқа соттарынан және халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерден түскен сот тапсырмаларын есепке алуды жүргізеді. Сот Әкімшісінің өндірісіндегі сот актілері орындалмауына байланысты сот мұрағатына тұрақты сақтауға өткізілмей тұрған істер бойынша орындалуын бақылап, осы істер бойынша тоқсан сайын ескертпе, ұсыныстар жолдап, тізім қалыптастырады, «Төрелік» АЖ бағдарламасындағы электрондық құжаттарды дайындап және мұрағатқа өткізеді және т.б. қызметтерді атқарады.

Әріптесім Бота Серікқызы өз ісінің білікті маманы, әріптестері мен қызметкерлер арасында жоғары беделге ие тұлға. Мемлекеттік қызметшіге тән Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтай отырып, сотқа жүгінген әрбір азаматқа, әріптестеріне әрдайым бар білгенімен бөлісіп жүреді.

Адамның қадірі-еңбегімен» демекші, әріптесімнің кәсібіне деген адалдығы мен ұжымға сіңірген еңбегі зор құрметке лайық.

Бота Серікқызы тек жауапты маман емес, өз үйінің шырағын түзу жағып отырған аяулы ана. Қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін сот саласында әріптесімді Мемлекеттік қызметшілер  мерекесімен құттықтай отырып, отбасына амандық және жұмысына табыс, биік белестерді бағындыруын тілеймін.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

 ауданаралық сот Әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы А.Ш.Досмурзина

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.