Мемлекеттік қызметші – халық айнасы

Мемлекеттік қызметші – халық айнасы

Мемлекеттік қызметші болу - бұл үлкен абырой мен міндет. Олай дейтініміз - ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады.Сондықтан әр саланың сапалы жұмыс істеуі мен оның жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты.

Мемлекеттік қызметші - ол билік пен халық арасындағы өзіндік байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан да көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы — жай мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл — өзін - өзі жетілдірудің тұрақты процесі.

Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтан да, кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Әсіресе, қазіргі таңда, жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта мұндай қасиет болу керек. Мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.

Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметкердің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы баршаға анық. Оның беделі – мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға бо­лады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мемлекеттік қызметкерлердің еңбегі еленіп, 23 - маусым Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілген болатын.

Бұл да мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшілерге деген құрметтің белгісі деп санаймын. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айырықша назар аударылып, көңіл бөлінуде. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

Мемлекеттік қызметші – халық айнасы болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық 

істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Әкімшісінің

бас маманы – сот отырысының хатшысы А.Ш.Досмурзина

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.