Мемлекеттік органдағы мемлекеттік тілдің маңызы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – елдің тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды нышандарының бірі. Сондықтан мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында, әсіресе мемлекеттік органдарда кеңінен қолданылуы – уақыт талабы.
Мемлекеттік органдар халыққа қызмет көрсететін негізгі құрылымдар болып табылады. Азаматтар түрлі мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерге жүгінеді, құжаттар рәсімдейді, құқықтық кеңес алады. Осындай қызмет көрсету барысында мемлекеттік тілдің қолданылуы халық пен билік арасындағы байланысты нығайтады. Мемлекеттік тілде көрсетілген қызмет азаматтардың өз құқықтарын еркін пайдалануына және ақпаратты толық түсінуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Көптеген мемлекеттік мекемелерде құжат айналымы қазақ тілінде жүргізіліп, ресми іс-шаралар мен жиналыстар мемлекеттік тілде өткізіледі. Бұл өз кезегінде қазақ тілінің мәртебесін арттырып, оның қоғамдағы рөлін күшейтеді.
Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін жетік меңгеруі де маңызды. Себебі мемлекеттік қызметкер – халықпен тікелей жұмыс істейтін тұлға. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді құрметтеп, оны күнделікті қызметінде кеңінен қолдануы қажет. Бұл тек заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарға деген құрметтің белгісі.
Қорытындылай келе, мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің рухани тірегі. Ал мемлекеттік органдарда қазақ тілінің кеңінен қолданылуы оның мәртебесін көтеріп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен түсіністікті нығайтады. Мемлекеттік тілді дамыту – баршамызға ортақ міндет.
БҚО, Жаңақала аудандық сот әкімшісінің басшысы С.Ж.Танатарова
[xfvalue_img]
