Апостиль
Апостиль – халықаралық құқықтық қатынастарда маңызды рөл атқаратын арнайы рәсім. Ол бір мемлекетте берілген ресми құжаттың басқа мемлекетте заңды күшке ие болуын қамтамасыз етеді. Яғни, апостиль құжаттың түпнұсқалығын және оған қол қойған тұлғаның өкілеттілігін растайды.
Апостиль жүйесі Гаага конвенциясы 1961 года негізінде енгізілген. Бұл конвенцияға мүше елдер арасында құжаттарды заңдастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады. Бұрын құжаттарды шетелде пайдалану үшін ұзақ әрі күрделі консулдық заңдастырудан өту қажет болса, апостиль осы процесті айтарлықтай жеңілдетті.
Апостиль көбінесе келесі жағдайларда қажет болады: шетелде оқу, жұмысқа орналасу, некеге тұру немесе ажырасу, сондай-ақ халықаралық сот істеріне қатысу кезінде. Мұндай жағдайларда туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, диплом, аттестат, сенімхат және сот шешімдері сияқты құжаттарға апостиль қойылады.
Апостиль арнайы мөр немесе штамп түрінде беріледі және оны әр елде уәкілетті мемлекеттік органдар рәсімдейді. Қазақстанда апостиль қоюмен әділет органдары, білім беру саласы бойынша – тиісті уәкілетті органдар айналысады.
Алайда апостиль тек Гаага конвенциясы 1961 года қатысушы елдер арасында ғана жарамды. Егер құжат ұсынылатын мемлекет осы конвенцияға кірмесе, онда құжаттарды консулдық заңдастыру рәсімінен өткізу қажет болады.
Қорытындылай келе, апостиль – халықаралық құжат айналымын жеңілдететін және азаматтардың шетелде құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды құқықтық құрал.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас - сот отырысының хатшысы
Д.Н. Ерденов
[xfvalue_img]
