АВФ жүйесі
АВФ жүйесін қолдану арқылы сот отырысын жүргізу- бұл сот процесін аудио-бейнефикцасия құралдары арқылы тіркеу тәсілі.
Бұл жүйе Қазақстан Республикасының ҚПК-не сәйкес, сот процестерінің ашықтығын, заңдылығын және тараптардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио және бейнежазба құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеріп, анықтап алады. Сот отырысының хатшысы аудио және бейнежазба құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда оны қолданбаудың себебін сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы судьяға баяндайды. Сот отырысы аяқталғаннан кейін сот отырысының хатшысы аудио және бейнежазба құралдарының техникалық ақаулықтары туралы кеңсе меңгерушісін хабардар етеді, ол өз кезегінде облыстық және оған теңестірілген соттардың ақпараттық технологиялар бойынша бас маманына хабарлайды.
Аудио-бейнежазба құралдарын қолдануға мүмкіндіктің болмауы сот отырысын жалғастыруға кедергі келтірмейді. Егер техникалық ақаулықтар салдарынан сот отырысы барысының аудио-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы хаттама жүргізуі мүмкін болмаса немесе сот отырысының аудио және бейнежазбасы жүргізілмегені анықталса, арнайы акт жасалады.
Қылмыстық процесстік кодекстің 347-1-бабы 2, 3 ‑ бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі талқылауды аудио-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы соттың құрамын көрсетіп және сот талқылауының барысында ғылыми-техника құралдарын қолданғаны жөнінде жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.Сот процестерінде техникалық құралдарды қолданып, аудио-бейнежазбаларын түсіру сот отырысы хаттамасының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио және бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда оған қатысатын адамдарға аудио және бейнежазбалар және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, бірақ олардың аудиобейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
АВФ жүйесі- заманауи сот төрелігінің әділетті әрі ашық болуына ықпал ететін тиімді құрал. Ол құқықтық мемлекет қағидаттарына сай сот отырысын әділ, бейтарап және сапалы өткізуді қамтамасыз етеді.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман- сот отырысының хатшысы М.М.Кенжебаева
[xfvalue_img]
