Сот жүйесіндегі электронды сервистер

Сот жүйесіндегі электронды сервистер

Ұлт Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арналған Жолдауында азаматтардың Конституция кепілдік беретін қорғалу құқығын сот арқылы жүзеге асыруы,  жаңа ақпараттық заманауи технологияларды белсенді енгізуі, сот төрелігінің сапалы және нәтежелі атқарылуына мүмкіндік беретін мәселелер шешімін табуы тиіс деген еді. Ұлт Көшбасшымыздың тапсырмасына орай, қазіргі таңда соттарда сот төрелігіне қолжетімділік және сот отырыстарында дыбыс-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы істер 100 % қаралуда. Сот отырыстары дыбыс-бейнежазба қондырғылары арқылы өткізілетіндіктен, сот отырыс хатшыларының жұмыстары да әлдеқайда жеңілдеген.  

Сот отырысын аудио-бейне таспаға жазу арқылы өткізудің ерекшелігі.

Барлық сот процестерінде аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларын қолдану Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы сот жүйесінің алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының соттары сот төрелігінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін санды форматтағы аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларымен жабдықталған.Елімізде сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде, не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында сот отырыстарын аудио және бейнежазбаға түсіру тәжірибесі енгізілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық процесуалдық кодексіне сәйкес, төрағалық етуші сот отырысын ашады және қаралуға жататын іс туралы, сондай-ақ сот отырысында аудио және бейне жазба құралдары пайдаланатыны жайында хабарлайды. Сот отырысы барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылық тудыратын даулы жағдайлар туындағанда, сот процессіне қатысушылардың өз пікірлерінің дұрыстығына немесе қателігіне көз жеткізу үшін электронды жазбаға жүгіну мүмкіндігі бар.Сот отырыстарында аудио және бейне жазбаларын қолданғанда қысқаша хаттама жасалады, ол аудио және бейне жазба жеткізгіштерімен қоса іс материалдарына тігіледі. Аудио және бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Ережеге сәйкес, сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ету, аудио және бейнежазба құралдарын қолдану, аудио және бейнежазбаны сақтау және жоюды сот отырысының хатшысымен жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен бекітілген.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио және бейнежазба құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеріп, анықтап алады. Сот отырысының хатшысы аудио және бейнежазба құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда оны қолданбаудың себебін сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы судьяға баяндайды. Сот отырысы аяқталғаннан кейін сот отырысының хатшысы аудио және бейнежазба құралдарының техникалық ақаулықтары туралы кеңсе меңгерушісін хабардар етеді, ол өз кезегінде облыстық және оған теңестірілген соттардың ақпараттық технологиялар бойынша бас маманына хабарлайды. Аудио-бейнежазба құралдарын қолдануға мүмкіндіктің болмауы сот отырысын жалғастыруға кедергі келтірмейді. Егер техникалық ақаулықтар салдарынан сот отырысы барысының аудио-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы хаттама жүргізуі мүмкін болмаса немесе сот отырысының аудио және бейнежазбасы жүргізілмегені анықталса, арнайы акт жасалады.

Қылмыстық процесстік кодекстің 347-1-бабы 2, 3 – бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі талқылауды аудио-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы соттың құрамын көрсетіп және сот талқылауының барысында ғылыми-техника құралдарын қолданғаны жөнінде жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды. Сот процестерінде техникалық құралдарды қолданып, аудио-бейнежазбаларын түсіру сот отырысы хаттамасының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио және бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда оған қатысатын адамдарға аудио және бейнежазбалар және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, бірақ олардың аудиобейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Сот процессі аяқталысымен қатысушыларға бейне және дыбыс жазбаны көшіріп беруге болады. Сот отырыстарында аудио және бейнежазбаны қолданудың артықшылығы өте көп. Сот процестеріне аудио-бейне жазбаларын енгізу - заң үстемдігіне негізделген, сот төрелігінің уақыт сынына жауап беретін көрнекті нәтижесі десек, артық емес. Аудио және бейне жазбаларын қолдану сот төрелігін жүргізу процесін жылдамдатып, сот өндірісін автоматтандырады және тиімді ете түседі.

Бұл заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы                                  Б.Б.Нарманова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.